Жазасын тартушы сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы N 319 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда N 3008 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы N 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 09.02.2015 N 38 қаулысымен (қабылдаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексі 42-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жазасын тартушы сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған тұлғалар, арнайы дайындықты қажет етпейтін аумақты абаттандыруға байланысты және тағы басқа сондай қоғамдық-пайдалы жұмыстарға тартылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Б.Мәкеновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанан күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі И.Турков

  Ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 10 қарашасындағы № 319 қаулысының қосымшасы

      Жазасын тартушы сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері
      1. Аумақты мұздан тазалау.
      2. Аумақты қардан тазалау.
      3. Аумақты қоқыстан тазалау.
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
      5. Аумақты арам шөптен тазалау.
      6. Өсімдіктердің түбірлері
      7. Ағаштарды кесу.
      8. Ағаштарды ағарту.
      9. Ағаштарды отырғызу.
      10. Гүлдің клумбасын сиректету.
      11. Көгалдыны қолмен қазу.
      12. Шөпті шабу.
      13. Ғимаратты ағарту.
      14. Ғимаратты сырлау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады