2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 241 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда № 2650 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 2109 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 2109 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Отырар ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Есенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                           Б.Ибадуллаев

Отырар ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 30 сәуір
№ 241 қаулысымен бекiтiлген

Отырар ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерi

Дақылдар түрi

Оңтайлы мерзiмдерi

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Көкөнiс

05.05.2014 жыл

30.05.2014 жыл

Суармалы жер

2

Мақта

05.05.2014 жыл

05.06.2014 жыл

Суармалы жер

3

Дәндік жүгерi

05.05.2014 жыл

05.06.2014 жыл

Суармалы жер

4

Жоңышқа

05.05.2014 жыл

15.05.2014 жыл

Суармалы жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады