2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 151 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырда № 2659 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 2807 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 07.08.2014 № 2807 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Созақ ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 сәуірінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                А.Аймұрзаев

Созақ ауданы әкімдігінің
«11» мамыр 2014 жылғы
№ 151 қаулысына қосымша

Созақ ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Дақыл түрі

Егістіктің оңтайлы мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1

Майлы дақылдар

02.04.2014 ж

20.05.2014 ж

Егістік және суармалы жерлер

2

Арпа

02.04.2014 ж

20.05.2014 ж

Егістік және суармалы жерлер

3

Жоңышқа

10.04.2014 ж

15.05.2014 ж

Егістік және суармалы жерлер

4

Жүгері

20.04.2014 ж

25.05.2014 ж

Суармалы жерлер

5

Көкөніс және бақша өнімдері

15.05.2014 ж

01.06.2014 ж

Суармалы жерлер

6

Картоп

01.05.2014 ж

30.05.2014 ж

Суармалы жерлер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады