2014-2016 жылдарға арналған Өскемен қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 7447 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қазанда № 3518 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 14948 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 19.02.2016 № 14948 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 158 "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3400 тіркелген) қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі", "Өскемен қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі", "Өскемен қаласының білім беру бөлімі", "Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" және "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын заңнамамен белгіленген шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.М. Искаковқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы В. Головатюк

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 03 қазандағы
№ 7447 қаулысына қосымша

2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың тізбесі

№ р/н

Кәсіпорын атауы

1

2

1
Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер жөніндегі басқарма" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
2
Өскемен қаласы әкімдігінің "Восток" футбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
3
Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен-Тәртіп" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
4
Өскемен қаласы әкімдігінің "Жазғы сауықтыру лагері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
5
Өскемен қаласы әкімдігінің "Дене шынықтыру бойынша мектеп аралық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
6
Өскемен қаласы әкімдігінің "Монша – кір жуу комбинаты" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады