"Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 30/7-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда N 3636 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/6-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 - бабының 2 - 3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Кағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
       10 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "10. Табыстарын есептеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек түберкүлездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға, жол жүрулеріне және қосымша азықтарына – күніне 340 (үш жүз қырық) теңге беріледі";
       11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан - басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға - 65000 (алпыс бес мың) теңге;
      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
      "Алтын алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға; "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға; кәмелетке толмаған
      төрт немесе оданда аса балалармен бірге тұратын көп балалы отбасыларға - 10 000 (он мың) теңге;
      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
      1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 65 000 (алпыс бес мың) теңге;
      1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға – 5000 (бес мың) теңге;
      4) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1 мамыр - көз көру мүшесі бойынша 1,2 топтың мүгедектеріне – 12000 (он екі мың) теңге;
      5) Жеңіс күні - 9 мамыр:
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына - 160000 (жүз алпыс мың) теңге;
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелді қалаларда болған Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 60000 (алпыс мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға - 60000 (алпыс мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарға - 60000 (алпыс мың) теңге;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға - 60000 (алпыс мың) теңге;
      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу – көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу – көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне - 60000 (алпыс мың) теңге;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 80000 (сексен мың) теңге;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 80000 (сексен мың) теңге;
      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына - 80000 (сексен мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталғандарға - 15000 (он бес мың) теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға:
      Чернобыль АЭС апат салдарынан және басқа радиациалық апаттардан және азаматтық немесе әскери белгіленген объектілердегі апаттардан, ядерлік қару сынағынан мүгедек болған тұлғаларға және әке-шешесінің біреуінің радиациалық сәулесімен генетикалық байланысты мүгедектігі бар балаларына - 24000 (жиырма төрт мың) теңге;
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер - 60000 (алпыс мың) теңге;
      6) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз:
      16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға - 5000 (бес мың) теңге.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. СТРЕБКОВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И.ПАНЧЕНКО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады