Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 150 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қыркүйекте № 3639 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөкей ордасы аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Н. Рахымжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бөкей ордасы аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _____________М. Т. Махимов
      10.09.2014 ж.

2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 150
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

Ауылдық округ атауы

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1.

Бисен

Бисен

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

2.

Жиекқұм

Ауылдық клуб ғимаратының алды

3.

Көктерек

Ауылдық клуб ғимаратының алды

4.

Жамбыл

Ауылдық клуб ғимаратының алды

5.

Мұратсай

Мұратсай

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

6.

Тайғара

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Тайғара бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

7.

Әжен

Ауылдық клуб ғимаратының алды

8.

Орда

Хан Ордасы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

9.

Қарасу

Бөкей ордасы ауданының
білім беру бөлімінің
"Қарасу бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі ғимаратының алды

10.

Үштерек

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Үштерек бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

11.

Сейтқали

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Алғашық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

12.

Макар

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

13.

Сайқын

Сайқын

"Мәншүк Мәметова атындағы
жалпы білім беретін орта
мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының алды

"Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

"Бөкейордасы аудандық
мәдениет бөлімінің
Бөкейордасы аудандық
мәдени-демалыс орталығы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
ғимаратының алды

14.

Жәрмеңке

Ауылдық клуб ғимаратының алды

15.

Мәмбет

Бөкей ордасы ауданының
білім беру бөлімінің
"Мәмбет бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі ғимаратының алды

16.

Шоңай

Ауылдық клуб ғимаратының алды

17.

Саралжын

Саралжын

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

18.

Бескөл

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

19.

Темір Масин

Бөрлі

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

20.

Тереңқұдық

Бұрынғы бастауыш мектебі ғимаратының алды

21.

Ұялы

Ұялы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

22.

Кеңой

Бөкей ордасы ауданының
білім беру бөлімінің "Кеңой
бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі ғимаратының алды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады