Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендерде аумақтарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы" ешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 2 маусымдығы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 маусымда № 3562 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 28.04.2022 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қысық сай елді мекендерде аумақтарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3292 тіркелген, 2013 жылғы 31 мамырда "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Ауылдық округ әкімі

А. Тәшімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады