Байланыс формасы

Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10492 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 03.04.2017 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 111 бұйрығымен
бекітілген

Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама ұйымдарының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит (бұдан әрі - аудит) объектінің басшысы мен сараптама ұйымының арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.

      3. Аудит жүргізу мерзімі шартта айқындалады, бірақ оған тараптар қол қойған күннен бастап үш айдан аспауы тиіс.

      4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит:

      1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдау, оның ішінде:

      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалуын және жобалау құжаттамасының сәйкестігін талдау;

      объектінің, оның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің басшылары мен персоналының даярлығы;

      2) объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің туындау және даму мүмкіндігін, өрттің қауіпті факторының адамдарға тигізетін әсерін анықтау, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін анықтау үшін объектіні зерттеу, оның ішінде:

      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құжаттамалық және нақты сәйкес келуі;

      кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғауға арналған өрт техникасының бар-жоғы және жай-күйі;

      3) объект әкімшілігімен объектіні өрт қауіпсіз күйге келтіру жөнінде консультациялар, ұйым қызметкерлерімен өрт-техникалық минимум және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтар өткізу;

      4) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындау іс-шараларын қамтиды.

      5. Аудит нәтижелері бойынша еркін нысанда ресімделетін қорытынды жасалады.

      6. Аудит жүргізу нәтижесі жөніндегі қорытынды:

      1) объектінің атауынан;

      2) аудитті жүргізу негіздемесі мен мақсаты, тапсырыс беруші туралы мәліметтер, өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізген сараптама ұйымы туралы мәліметтер және оның аккердиттеу аттестатының болуы, аудит жүргізген мамандар туралы мәліметтер көрсетілген кіріспе бөлімінен;

      3) объектінің қысқаша сипаттамасы және мақсатынан;

      4) аудит процесінде қаралған сәйкестендіру үшін қажетті олардың шифры, нөмірі, маркасы немесе басқа индикациясы бар материалдар көрсетілген құжаттар және тексерілген техникалық жүйелер туралы мәліметтерден;

      5) объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің, сондай-ақ ұйымдастырушыдық-техникалық іс-шаралардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерден;

      6) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындысы бар қорытынды бөлімнен тұрады.

      7. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық болған кезде оң қорытынды беруге жол берілмейді.

      8. Аудиттің қорытындысына аудит жүргізген сараптама ұйымының қызметкерлері қол қояды және сараптама ұйымының басшысы бекітеді. Аудит қорытындысы тігілген парақтар санын көрсете отырып, тігіледі және мөр болған жағдайда онымен куәландырылады.

      9. Аудит қорытындысы оны бекіткен күнінен бастап, үш жыл бойы жарамды.

      10. Қорытындысы жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне қорытындының көшірмесін ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады