Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 маусымда № 11244 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" Заңының 7-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 293 бұйрығымен бекітілді

Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 60-бабын және 140-бабының 6-тармағын қолдану мақсатында "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар, терминдер:

      1) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан өкілдік ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;

      2) аудиторлық қорытынды - салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;

      3) салықтар бойынша аудит – осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтай отырып, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толық және уақтылы болуы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толық және уақтылы болуы мәселесі бойынша аудиторлық ұйым жүргізетін аудит;

2-тарау. Салықтар бойынша аудитті жүргізу талаптары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Салықтар бойынша аудит, аудиторлық ұйым мен аудиттелетін субъектің арасында жасалған салықтар бойынша аудит жүргізу туралы шарттың негізінде, аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      4. Салықтар бойынша аудит Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде аудиттелетін субъектіге қатысты кешенді салық тексеру жүргізілмеген кезең үшін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 16.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Салықтар бойынша аудит жүргізу шартында: шарттың мәні, мерзімі, ақы төлеу мөлшері мен талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделеді.

      6. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.

      7. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізуге құқығын шектеу Заңның 24-бабында айқындалған.

3-тарау. Салықтар бойынша аудит нәтижелерін рәсімдеу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Салықтар бойынша аудит нәтижелері жөнінде аудиторлық қорытынды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      9. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, орындаушы аудитор қол қояды, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекітіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 16.01.2019 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Аудиторлық қорытындыға салықтар бойынша аудитті жүргізу барысында анықталған ауытқулар бойынша қажетті құжаттардың көшірмелері, аудитор жүргізген есептер және салықтар бойынша аудит барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.

      11. Аудиторлық қорытынды үш данада жасалады.

      Аудиторлық қорытындының бір данасын аудиторлық ұйым аудиттелетін субъектіге, ол жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде табыс етеді.

      Аудиторлық қорытындының екінші данасы аудиторлық ұйымда қалады.

      Аудиторлық қорытындының үшінші данасы, жүргізілетін салықтық бақылау шаралары шеңберінде, сондай-ақ осы Қағидаттардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес мемлекеттік кірстер органының сұрау салуы бойынша аудиттелетін субъектінің тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жолданады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны мемлекеттік кірістер органына ұсыну тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым, аудиттелетін субъектіге осындай қорытынды табыс етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аудиттелетін субъектінің тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      Аталған ереже аудиттелетін субъектінің Салық кодексінің 60-бабын қолдану мақсатында салықтар бойынша аудит жүргізуге қолданады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Аудиторлық қорытынды мемлекеттік кірістер органына ілеспе хат алып келу тәртібінде немесе почта бойынша ұсынылады

  Салықтар бойынша аудит
жүргізу және салықтар бойынша
аудиторлық қорытынды беру
қағидаларына қосымша
  Бекітемін:
Аудиторлық ұйымның басшысы
  ____________________________
  ____________________________
  (басшының Т.А.Ә.
(болған кезде),
қолы, аудиторлық ұйымның
атауы, лицензияның
№, берілген күні)

      Нысан

Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________                        _____________

      (жасалған жері)                              (күні)

      Аудиторлық ұйым____________________________________________________

      (аудиторлық ұйымның атауы, БСН)

      салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған 20__ жылғы "__"

      ___________________ ___ шарттың негізінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған кезде), резидент заңды тұлғаның атауы жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі) қатысты 20__ жылғы "__" _______ бастап 20__ жылғы "__" _______ кезеңге салықтар бойынша аудит жүргізілді және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасалды.

      Салықтар бойынша аудит ________ басталды Салықтар бойынша аудит __________ аяқталды

      (күні)                                          (күні)

      Салықтар бойынша аудитпен қамтылған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, тексерілетін мерзімі, бюджеттік сыныптауыш коды (бұдан әрі – БСК):____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Аудиттелетін субъектінің байланыс телефондары: телефондары, факс:________________________________________________________________

      Салықтар бойынша аудит барысында берілген құжаттардың

      тізбесі: ______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Салықтар бойынша аудит барысында берілмеген құжаттардың

      тізбесі:______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      1. Аудиттелетін субъекті туралы жалпы мәліметтер

      1. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: сериясы _____; берілген күні ____ жылғы "__" _______нөмірі _____.

      2. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік: сериясы; берілген күні ____ жылғы "__"_______нөмірі_____.

      3. Салық салу режимі:___________________________________________

      4. Ұйымдық-құқықтық нысаны:___________________________________

      5. Есепте: ____________________________________________________тұр.

      (мемлекеттік кірістер органының атауы және коды, есепке қойылған күні)

      6. Салық төлеушінің куәлігі: сериясы _____; берілген күні ____ жылғы "__"______нөмірі_____.

      7. ҚҚС бойынша есепте тұр: берілген куәлігі__________________сериясы _____; берілген күні ____ жылғы "__" _______нөмірі _____, есепке қойылған күні _____ жылғы "__" _______, есептен шығарылған күні ____ жылғы "__" ________.

      8. Құрылтайшылар (қатысушылар):_________________________________

      (Құрылтайшылардың (қатысушылардың) тегі, аты, әкесінің аты, (болған кезде) ЖСН-і, құрылтайшы заңды тұлғаның атауы, БСН-і, жарғылық капиталдың сомасы, қатысу үлесі %)

      9. Аудиттелетін субъектінің мекенжайы (заңды мекенжайы): ___________

      Пошта индексі: ________________________________________________

      Облыс/аудан: _________________________________________________

      Қала/аудан: ___________________________________________________

      Кент/ауыл: ___________________________________________________

      Көше/шағын аудан:____________________________________________

      Үй нөмірі: ____________________________________________________

      Пәтер/бөлме:__________________________________________________

      Аудиттелетін субъектінің мекенжайы (Іс жүзіндегі мекенжайы):

      _____________________________________________________________

      Пошта индексі: ________________________________________________

      Облыс/аудан: _________________________________________________

      Қала/аудан: ___________________________________________________

      Кент/ауыл: ___________________________________________________

      Көше/шағын аудан:____________________________________________

      Үй нөмірі: ____________________________________________________

      Пәтер/ бөлме: _________________________________________________

      10. Салықтар бойынша аудитпен қамтылған кезеңде лауазымды тұлға болып табылғандар:___________________________________________________

      (Басшының Т.А.Ә. (болған кезде), ЖСН-і, болған кезеңі, бухгалтердің ЖСН-і, болған кезеңі)

      11. Банктік шоттары туралы мәліметтер: ____________________________

      ____________________________________________________________________

      (Банктің атауы, БСН, БСК*, шот №, валюта шотының түрі, ашылған және жабылған күні)

      12. Салықтық жүктеме коэффициенті (СЖК): _________ -дан _______ -ға дейінгі кезең, СЖК =___%, бұл ретте ______ теңге мөлшеріндегі ЖЖТ-ға сомасы _____ теңгемен салық есептелген.

      13. Бұның алдындағы салықтық тексеру және (немесе) салықтар бойынша аудит туралы мәліметтер:______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (актінің №, күні, орындаушының Т.А.Ә. (болған кезде), өткізілген орны, тексерудің (салықтар бойынша аудиттің) кезеңі және түрі, жете есептелген (есептелген) салықтардың, төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың сомасы, бұзушылықтарды жою үшін қабылданған шаралар)

      14. Лицензияланатын және рұқсат берілген қызмет түрінің болуы туралы мәліметтер:__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Лицензияның №, берілген күні, уақытша тоқтатылған күні, кері қайтарып алынған күні, берген орган, лицензияланатын және рұқсат берілген қызмет түрі).

      15. Іс жүзінде айналысатын қызмет түрлері туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      16. Қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер: _________________________

      ____________________________________________________________________

      17. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы мәліметтер:__________________________________________________________

      18. Аудиттелетін субъекті қызметінің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебі туралы мәліметтер:_______________________________________________

      19. Құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер (филиалдар, өкілдер): ____________________________________________________________________

      20. Бақылау-касса машиналар мен ФС туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      21. Төлем терминалдарында тіркеу дректері туралы мәліметтер:__________________________________________________________

      22. Аудиттелетін субъектінің салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерін тіркеу деректері бойынша бұдан бұрын анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер:______________________________________

      ____________________________________________________________________

      23. Аудиттелетін субъекті меншік иесі (қатысушы) болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтер:____________________________________________

      2. Салықтар бойынша аудит мәліметтері

      Салықтар бойынша осы аудит мыналарды анықтады:

      1. Қызметін тоқтату (ұзарту, жаңғырту):_____________________________

      2. Тиісті салықтық кезең ішіндегі корпоративтік (жеке) табыс салығы мен қосымша құн салығы бойынша салықтық есептіліктердің нысандарына сәйкес аудиттелетін субъектінің тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді іске асыруы бойынша жылдық жиынтық табысы мен жалпы айналымы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Тиісті салықтық кезең ішіндегі корпоративтік (жеке) табыс салығы мен қосымша құн салығы бойынша салықтық есептіліктердің нысандарына сәйкес аудиттелетін субъект сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызмет:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Аудиттелетін субъектінің растауымен, тиісті салықтық кезең ішіндегі салықтар бойынша аудиттің тексеретін кезеңіндегі аудиттелетін субъектінің алынған және берілген шот-фактуралар тізілімі, орындалған жұмыстардың актілер тізбесі туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Тиісті салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің саны және аудиттелетін субъектінің салықтық есептіліктердің нысандарына сәйкес олардың есептелген табыстарының сомасы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Аудиттелетін субъектінің салықтық есептіліктері мен жеке шоттарын түгендеуді салыстыру нәтижелері:_____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ (салық есептіліктер қабылданған күн және №)

      7. "Пирамида" талдамалы есеп нәтижелер:___________________________

      ____________________________________________________________________ 

      8. Аудиттелетін субъектінің мемлекеттік сатып алуға қатысуы туралы мәліметтер:__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Бұдан бұрын камералдық бақылау нәтижелері бойынша аудиттелетін субъектіге қатысты мемлекеттік кірістер органдары анықтаған, жойылмаған бұзушылық және салықтар аудиті барысында оларды жою бойынша қабылданған шаралар:_________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Аудиттелетін субъектінің касса, банк шоттары және фискальды жады бар бақылау-касса машиналары бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (шот №, шотвалютасы, айналымы, күнтізбелік жылдың басындағы және соңындағы сальдо)

      11. Салықтар бойынша аудит барысында аудиттелетін субъектінің контрагенттеріне жолданған сұрау салулардың нәтижелері:_________________

      ____________________________________________________________________ 

      12. Салықтар бойынша аудит барысында аудиттелетін субъектінің салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілерінің болуы туралы уәкілетті органдар мен ұйымдарға жолданған сұрау салулардың нәтижелері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      13. Салықтар бойынша аудит барысында аудиттелетін субъектінің экспорттық-импорттық операциялары бойынша мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы, аты, тегі, әкесінің аты (болған кезде), тиісті салықтық кезеңдер бойынша жалпы кедендік құн сомалары (объектінің саны)

      14. Аудиттелетін субъектінің жалған кәсіпорындармен жасалған операцияларының бар-жоғы туралы, сот субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған деп таныған, сот жарамсыз деп таныған мәміле бойынша шығыстар туралы, тіркелуін сот жарамсыз деп таныған контрагенттермен жасалған, жарамсыз деп танылған операциялар туралы ақпараттар:__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның атауы ЖСН/БСН, салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы сот актісінің №, күні және контрагент бойынша операциялар сомасы)

      15. Аудиттелетін субъектінің дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы ақпараттар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның атауы ЖСН/БСН, тиісті кезең басындағы және аяғындағы сальдо, айналымдары)

      16. Аудиттелетін субъектінің шарттары мен мәмілелеріндегі тұлғаларды ауыстыру және міндеттемелерді тоқтату (цессиялар, талаптарын беру, өзара есепке жатқызу, қарсы талаптарды есепке жатқызу, борышты кешу, бас тарту, жаңалық, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң тоқтатылуы және тағы басқа) туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      17. Аудиттелетін субъектінің бейрезиденттермен операциялары бойынша мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Бейрезиденттердің аты, тегі, әкесінің аты (болған кезде), атауы, салықтық кезеңдер, табыс түрлерінің коды, шарттың (келісім-шарттың) № мен күні, есептелген және төленген табыстардың сомалары)

      18. Аудиттелетін субъектінің өзара байланысы туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның атауы ЖСН/БСН)

      19. Аудиттелетін субъектінің, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының есептелуі және (немесе) есептелген соманы қайта қарау бөлігінде, талап қою мерзімі өтуіне күнтізбелік біржылдан аз қалған кезеңге өзгерістері мен толықтырулары бар қосымша салықтық есептілікті ұсынуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      20. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудиттелетін субъекті аудиторлық ұйымдарға берген мәліметтер:____________________________________

      ____________________________________________________________________ (жолданған құжаттың №, күні)

      21. Қосымша мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Салықтар бойынша аудит нәтижелері

      № 1 Қосымша

      Мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалардан түсетін корпоративтік табыс салығы (БСК______) ____ жыл (__________ дан __________ дейінгі кезең).

      Салық салу режимі: __________________________________________.

      Есептеулер жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы: ___________.

      Табыстар:

Табыстардың атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Ауытқу






      Шығыстар (шегерімдер):

Шығыстардың атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Ауытқу






      Залалдарды ауыстыру, түзетулер:

Залалдардың атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Ауытқу






      Салық салынатын табысты есептеу:

Есептеу бабының атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Ауытқу

1

Түзетуден кейінгі жылдық жиынтық табыс




2

Барлық шегерімдер (шығыстар)




3

Барлық ауыстырылған залалдар мен түзетулер




4

Салық салынатын табыс (түзетумен қосқанда)




5

Залалдар (ауыстырылған залалдар мен түзетулерді қосқанда)




6

% түрінде салықтың мөлшерлемесі




7

Барлық есептелген салық




8

Салық бойынша жеңілдік




9

Салық жеңілдігі бойынша есептелген салық




10

Дербес шот бойынша төленген салық




      Алшақтықтар:

      _________________________________________________________________

      (алшақтықтар сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:_____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салық есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 2 Қосымша

      Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы (БСК _________) ________ жыл (________ дан ________ дейінгі кезең).

      Салық салу режимі: __________________________________________.

      Есептеулер жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы:___________.

      Табыстар:

Табыстардың атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Ауытқу






      Шығыстар (шегерімдер):

Шығыстардың атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Ауытқу






      Залалдарды ауыстыру, түзетулер:

Залалдардың атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Ауытқу






      Салық салынбайтын айналымдар:

Айналымдардың атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Ауытқу






      Салық салынатын табысты есептеу:

Есептеу бабының атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Аудиторлық қорытындының деректері бойынша

Ауытқу

1

Түзетуден кейінгі жылдық жиынтық табыс




2

Барлық шегерімдер (шығыстар)




3

Барлық ауыстырылған залалдар мен түзетулер




4

Салық салынбайтын айналымдар




5

Салық салынатын табыс (түзетумен қосқанда)




6

Залалдар (ауыстырылған залалдар мен түзетулерді қосқанда)




7

% түрінде салықтың мөлшерлемесі




8

Барлық есептелген салық




9

Салық бойынша жеңілдік




10

Салық жеңілдігі бойыншаесептелген салық




11

Дербес шот бойынша төленген салық




      Алшақтық: _____________________________________________________________ (алшақтықтың сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:_____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салықты есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 3 Қосымша

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар, жасалған жұмыстар, қызмет көрсету бойынша қосымша құн салығы (БСК ______) ____ жылы __ тоқсан (__________ дан __________ дейінгі кезең).

      Салық салу режимі: __________________________________________.

      Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы:_____________.

      ҚҚС бойынша есептеулер:

Есептеулердің атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша айналым

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша ҚҚС

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша айналым

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша ҚҚС

ҚҚС бойынша ауытқу








      Есепке жататын ҚҚС:

Есепке жататын ҚҚС атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша айналым

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша ҚҚС

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша айналым

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша ҚҚС

ҚҚС бойынша ауытқу








      ҚҚС есептеу:

ҚҚС бойынша есептердің атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша айналым

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша ҚҚС

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша айналым

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша ҚҚС

ҚҚС бойынша ауытқу

1

Барлық есептелген ҚҚС






2

Есепке жататын ҚҚС сомасы






3

а) бөлек есептеу әдісі






4

б) барабарлық әдісі






5

Төлеуге жататын ҚҚС






6

Салық бойынша жеңілдік (ауыл шаруашылық өндірушілер үшін)






7

Төленуге жататын ҚҚС(ауыл шаруашылық өндірушілер үшін)






8

Есепке жатқызылғаннан артық ҚҚС






9

Салық бойынша жеңілдік






10

Есепке жатқызылғаннан артық ҚҚС






      Алшақтық: _____________________________________________________________ (алшақтықтың сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:_____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салықты есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 4 Қосымша

      Төлем көзінен салынатын, жеке табыс салығы (БСК ______) ____ жыл __ тоқсан (____ дан ____ дейінгі кезең)

      Салық салу режимі: __________________________________________.

      Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы:_________.

      Аудиттелетін субъектінің мәліметі бойынша:

      Қызметкерлердің саны: __; Еңбекақы төлеу қоры: __

      Аудиторлық ұйымның мәліметі бойынша:

      Қызметкерлердің саны: __; Еңбекақы төлеу қоры: __

      Жеке табыс салығы бойынша есептеулер:

Табыс (Аудиттелетін субъектінің деректері)

Салық салынбайтын табыстар (Аудиттелетін субъектінің деректері)

МЗЖ сомасы (Аудиттелетін субъектінің деректері)

ЖТС сомасы (Аудиттелетін субъектінің деректері)

Төленген табыстар (Аудиттелетін субъектінің деректері)

Табыстар (Салықтар бойынша аудит деректері)

Салық салынбайтын табыстар (Салықтар бойынша аудит деректері)










Жиыны:







      Жеке табыс салығының айлық есептеулері (жалғасы):

МЗЖ сомасы (Салықтар бойынша аудит деректері)

ЖТС сомасы (Салықтар бойынша аудит деректері)

Төленген табыстар (Салықтар бойынша аудит деректері)

Табыстар бойынша алшақтықтар

Салықтардан бойынша алшақтықтар

Жеткіліксіз жиналған
(Аудиттелетін субъект және тиісті салықтар бойынша аудит деректері)

Артық жиналған
(Аудиттелетін субъект және тиісті салықтар бойынша аудит деректері)

Ескерту











Жиыны:








      Жеке табыс салығының айлық есептеулері:

Ай

табыстар бойынша кезеңнің басындағы борыш

салық бойынша кезеңнің басындағы борыш

Кезең ішіндеесептелген табыс

Кезең ішіндеесептелген салық

Кезең ішіндетөленген табыс

Кезең ішіндеаударылған салық










Жиыны:







      Жеке табыс салығының айлық есептеулері (жалғасы):

Үлес салмағы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша есептелген салық

салықтар бойынша аудит деректері бойынша есептелген салық

Ауытқу

Артық төлем

жиыны









жиыны:






      Алшақтық: ____________________________________________________________ (алшақтықтың сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:_____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салықты есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 5 Қосымша

      Басқа салықтар мен төлемдер (БСК ______) ____ жыл__ тоқсан (________ дан __________дейінгі кезең).

      Салық салу режимі:________________________________________________.

      Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы: ______________.

      Салық салу объектісінің өлшем бірлігі:__

      Басқа салықтар мен төлемдер:

Салық салу объектісінің атауы (объектінің өлшем бірлігі, объектінің мөлшерлемесі)

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша объектісі

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша салық/төлем

салықтар бойынша аудит деректері бойынша объект

салықтар бойынша аудит деректері бойынша салық/төлем

Ауытқу

Ескерту










Есептеу бабының атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша объектісі

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша салық/төлем

салықтар бойынша аудит деректері бойынша объект

салықтар бойынша аудит деректері бойынша салық/төлем

Ауытқу

1

Есептелген салық/төлем






2

Салық бойынша жеңілдік






3

Салық жеңілдігі бойынша есептелген салық






4

Дербес шоты бойынша артық төлем






      Алшақтық:

      _________________________________________________________________

      (алшақтықтың сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салықты есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 6 Қосымша

      Салық салынатын базасы болмаған кезде толтырылады

      1) Есепті кезең: _____________________________________________

      2) Салықтар мен төлемдердің түрлері (БСК):____________________

      3) Салықтар мен төлемдердің қолданыстағы түрі:________________

      4) Салық салу режимі:_________________________________________

      5) Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы (МКО коды):______________________________________

      Аудиторлық қорытындының деректері бойынша:

      Салық салынатын базасы болмауына байланысты салықтар бойынша ____ дан ____ дейінгі кезеңдегі есептеу дұрыстығы мәселесі бойынша салықтар бойынша аудит кезінде бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталмаған.

      Лицензиясыз қызметті жүзеге асыру кезінде толтырылады

      1) Есепті кезең: _____________________________________________

      2) Салықтар мен төлемдердің түрлері (БСК):____________________

      3) Салықтар мен төлемдердің қолданыстағы түрі:________________

      4) Салық салу режимі:_________________________________________

      5) Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы (МКО коды):________________________________________

      Аудиторлық қорытындының деректері бойынша:

      ____ дан ____ дейінгі кезеңде бап бойынша (салық пен төлемнің түрі) есептеу дұрыстығы мәселесі бойыншасалықтар бойынша аудит кезіндеаудиттелетін субъект ____ дан ____ дейін лицензиясыз қызметті жүзеге асырған. Сол кезеңде сомасы____теңге табыс алынған.

      № 7 Қосымша

      Мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалардан түсетін корпоративтік табыс салығы (БСК_____) ____ жыл (__________ дан __________ дейінгі кезең).

      (Төлем көзінен салынбайтын, жеке табыс салығы (БСК _________).

      Әлеуметтік салық (БСК______) ____ жыл __ тоқсан (__________ дан __________ дейінгі кезең).

      Салық салу режимі: __________________________________________.

      Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы: _____________.

      Шағын субъект бизнес үшін салық есептеу:

Есептеу бабының атауы

Аудиттелетін субъектінің деректері бойынша

Салықтар бойынша аудит деректері бойынша

Алшақтық (+/-)

1

Салық кезеңі үшін табыс




2

Салық мөлшерлемесі




3

Есептелген салық сомасы




4

Табыстың шекті сомасынан асып кеткен табыс сомасы




5

орташа айлық жалақысы кемінде ЕЖМ-нің 2 есенемесе 2,5 есесін құрайтын қызметкерлердің орташа тізімдік саны




6

Салықты қызметкерлердің орташа тізімдік санынан азайту жағына түзету




7

Түзетуді есепке ала отырып, салық сомасы




8

Корпоративтік (жеке) табыс салығы




9

КТС (ЖТС) дербес шоты бойынша артық төлемі




10

Әлеуметтік салықтың сомасы




11

Дербес шот бойынша артық төлем




      Алшақтық: _____________________________________________________________

      (алшақтықтың сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:_____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салықты есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 8 Қосымша

      Акцизделетін тауарлардың түрлері (БСК ______):_______________жыл (________ дан ________ дейінгі кезең).

      Салық салу режимі: __________________________________________.

      Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы:______________.

      Акциз

Ай

Объектің атауы

Акциз мөлшерлемесі (аудиттелетін субъект)

Объектілердің саны (аудиттелетін субъект)

Айналымның сомасы (аудиттелетін субъект)

Акциз сомасы (аудиттелетін субъект)

Акциз мөлшерлемесі (салықтар бойынша аудит бойынша)









      Акциз (жалғасы):

Объектілердің саны (салықтар бойынша аудит)

Айналымның сомасы (салықтар бойынша аудит)

Акциз сомасы (салықтар бойынша аудит)

Есептелген сомасы

Дербес шот бойынша артық төлем

жиыны

Ескерту









      Алшақтық: _____________________________________________________________

      (алшақтықтың сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:_____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салықты есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 9 Қосымша

      Тіркелген салық (БСК ______) ____ жыл __ тоқсан (мерзімі __________ дан __________).

      Салық салу режимі: __________________________________________.

      Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы:______________.

      Тіркелген салық:

Салық салу объектісінің атауы (объектінің өлшем бірлігі)

Тіркелген салықтың мөлшерлемесі (Аудиттелетін субъектінің деректері)

Объектілердің саны (Аудиттелетін субъектінің деректері)

Тіркелген салықтың сомасы (Аудиттелетін субъектінің деректері)

Тіркелген салықтың мөлшерлемесі (салықтар бойынша аудит деректері)

Объектінің саны (салықтар бойынша аудит деректері)

Тіркелген салықтың сомасы (салықтар бойынша аудит деректері)

Алшақтықтар

жиыны:









      Алшақтық: _____________________________________________________________

      (алшақтықтың сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:_____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салықты есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 10 Қосымша

      Ойын бизнесіне салынатын салық (БСК ______) ____ жыл __ тоқсан (__________дан __________ дейінгі кезең).

      Салық салу режимі: __________________________________________.

      Есептеу жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органы:______________.

      Ойын бизнесіне салынатын салық:

Салық салу объектісінің атауы(объектінің өлшем бірлігі)

Ойын бизнесіне салынатын салықтың мөлшерлемесі (аудиттелетін субъектінің деректері)

Объектінің саны (Аудиттелетін субъектінің деректері)

бизнесіне салынатын салықтың сомасы (Аудиттелетін субъектінің деректері)

бизнесіне салынатын салықтың мөлшерлемесі (салықтар бойынша аудит деректері)

Объектінің саны (салықтар бойынша аудит деректері)

бизнесіне салынатын салықтың сомасы (салықтар бойынша аудит деректері)

Алшақтық

      Ойын бизнесіне салынатын салықты есептеу:

Салық салу объектісінің атауы (объектінің өлшем бірлігі)

Ойын бизнесіне салынатын салықтың мөлшерлемесі (аудиттелетін субъектінің деректері)

Объектінің саны (Аудиттелетін субъектінің деректері)

Ойын бизнесіне салынатын салықтың сомасы (Аудиттелетін субъектінің деректері)

Ойын бизнесіне салынатын салықтың мөлшерлемесі (салықтар бойынша аудит деректері)

Объектілердің саны (салықтар бойынша аудит деректері)

Ойын бизнесіне салынатын салықтың сомасы (салықтар бойынша аудит деректері)

Алшақтық

1

Ойын бизнесіне салынатын салықтың есептелген сомасы








2

Бюджетке төленетін қосымша төлемнің сомасы








3

КТС дербес шоты бойынша артық төлем








      Алшақтық:

      __________________________________________________________________

      (алшақтықтың сомасы теңгемен);

      Есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы:_____________

      Бап бойынша есептелген салықтың барлығы:___________________________

      (есептелген (азайтылған) салықтар мен залалдардың сомасы, кезең)

      Алшақтықтың себептері және салықты есептеу үшін негіздеме:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Дәлелдемелер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      № 11 Қосымша*

      Коммерциялық емес ұйымдардың табыстары мен шығыстарының кестесі _______ жыл (__________ дан ________ дейінгі кезең).

      Түскен активтердің, оның ішінде кредиттер мен алынған аванстардың барлығы:

Құжаттың күні

Құжаттың нөмірі

Төлемнің тағайындалуы

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Бірліктің құны теңгемен

Бірліктің құны валютамен

Саны

сомасытеңгемен

сомасы валюта мен

Валютаның атауы












      Түскен активтердің, оның ішінде кредиттер мен алынған аванстардың барлығы (жалғасы):

Бейрезидент

ЖСН/БСН

Заңды (жеке) тұлғаның атауы

Резиденттік елі

Бейрезидент банк

Банктің атауы

БСК*

Шоттың түрі

Шоттың нөмірі

Ескерту












      Кезеңдегі шығыстардың барлығы:

Құжаттың уақыты

Құжаттың нөмірі

Төлемнің тағайындалуы

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Бірліктің құны теңгемен

Бірліктің құны валютамен

Саны

сомасытеңгемен

сомасы валюта мен

Валютаның атауы












      Кезеңдегі шығыстардың барлығы (жалғасы):

Бейрезидент

ЖСН/БСН

Заңды (жеке) тұлғаның атауы, тегі, аты, әкесінің аты

Резиденттік елі

Бейрезидент банк

Банктің атауы

БСК*

Шоттың түрі

Шоттың нөмірі

Ескерту












      * Ескерту: осы қосымша коммерциялық емес ұйымдар бойынша толтырылады.

      4. Қорытынды

      Салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төлентетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мынадай міндеттемелер айқындалды:

Салықтың, төлемнің коды

Салықтың, төлемнің түрі

Есептелетін сома

Азайтылатын сома











      Салықтар бойынша аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар туралы және оларды аудиттелетін субъектінің салықтар бойынша аудит барысында жоюы туралы ақпарат

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Аудиторлық қорытындыға қосымша ____ парақ.

      Салықтар бойынша аудитті жүргізген тұлғалар:_______________________

      (Атқарушы-аудиторлардың Т.А.Ә. (болған кезде), қолы, біліктілік куәлігінің №, берілген күні).

      Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны алдым (-ық):

      _________________________________________________________________

      (аудиттелетін субъектінің немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, алған күні)

      Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды аудиттелетін субъектіге табыс етілді:_______________________________________________________________

      (аудиторлық ұйымның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, берген күні)

      Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды аудиттелетін субъектіге жөнелтілді:__________________________________________________________

      (Қорытындыны жөнелту және (немесе) қолма-қол алу, хабарламасы бар тапсырыс хатпен алу фактісін растайтын құжат).

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСК - бюджеттік сыныптауыш коды;

      БСК*- банктік сәйкестендіру коды;

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЕЖМ - ең төменгі жалақы мөлшері;

      ЖЖТ - жылдық жиынтық табыс;

      ЖСН - жеке-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖТС - жеке табыс салығы;

      КТС - корпоративтік табыс салығы;

      ҚҚС - қосымша құн салығы;

      МЗЖ - міндетті зейнетақы жарнасы;

      МКО - мемлекеттік кірістер органы;

      СЖК - салықтық жүктеме коэффициенті;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты;

      ФС - фискалдық жад.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады