БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына (Нормативті – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11244 тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 60-бабын қолдану мақсатында "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.";
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Салықтар бойынша аудит Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде аудиттелетін субъектіге қатысты кешенді салық тексеру жүргізілмеген кезең үшін жүзеге асырылады.";
9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, орындаушы аудитор қол қояды, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекітіледі.";
Қағидаларға қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудиторлық ұйым_________________________________________________________ (аудиторлық ұйымның атауы, БСН)
салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған 20__ жылғы "__" ___________________ ___ шарттың негізінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес _________________________________________________________________________ (дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған кезде), резидент заңды тұлғаның атауы жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) қатысты 20__ жылғы "__" _______ бастап 20__ жылғы "__" _______ кезеңге салықтар бойынша аудит жүргізілді және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасалды."; 4-бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Салықтар бойынша аудитті жүргізген тұлғалар: _________________________________________________________________________ (Атқарушы-аудиторлардың Т.А.Ә. (болған кезде), қолы, біліктілік куәлігінің №, берілген күні).".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Ә. Смайылов |