"Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 690 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсандағы № 12473 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 267-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.09.2023 № 267-ө бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9824 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      14–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      5) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      7) өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;

      8) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;

      9) газ желілері ұйымдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      10) ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат береді;

      11) теңiз құрылысын салуға немесе орналастыруға рұқсат береді;

      12) іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе теңіздегі өзге де бұрғылауға рұқсат береді;

      13) қойнауқатішілік қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және табиғи газды айдауға рұқсат береді;

      14) теңiзде мұнай-газ құбырларын салуға, монтаждауға немесе тартуға рұқсат береді;

      15) мұнай өнiмдерiн көтерме саудада берушiлердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдайды;

      17) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен мұнай өнімдерін көтерме саудада беруге қатысты қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдайды;

      18) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;

      19) мұнай операцияларын жүргiзу және мұнайды тасымалдау саласындағы адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiру тәуекелдерін талдау және бағалау жүргiзеді;

      20) мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      21) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      22) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      23) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      24) көмiрсутек шикiзаты бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      25) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуда жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, көмiрсутек шикiзаты бойынша келiсiмшарттардың және өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердің талаптарын жер қойнауын пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      26) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      27) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;

      28) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;

      29) парниктік газдар шығарындыларына сертификат береді және қайта ресiмдейді;

      30) өз құзыретінің шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      31) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: табиғатты пайдалануды жобалау, шаруашылық және өзге де қызметтердің І санаты үшін нормалау; шаруашылық және өзге де қызметтердің І санаты үшін экологиялық аудит);

      32) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді;

      33) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      34) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;

      35) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;

      36) ең озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      37) табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      38) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізеді;

      39) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;

      40) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын;

      қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін;

      жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын процестер салдарының алдын алу және жою, топырақтың құнарлылығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенінің өткізілуін;

      жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және реконструкциялау кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатының алынуын, сақталуын және пайдаланылуын;

      пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы процестер мен жұмыстардан босаған жерлердің нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтірілуін;

      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуын;

      кен орындарының және өзге қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік процестерден жер қойнауының сақталуын;

      жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануын және жойылуын;

      жер қойнауын пайдалану және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормалардың және қағидалардың сақталуын;

      минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдердің сақталуын;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;

      зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды сулардың жер қойнауына төгілуін;

      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көму, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау қағидаларының сақталуын;

      су сапасы нормативтерінің сақталуын;

      атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге талаптардың сақталуын;

      кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын;

      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуын;

      кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, реконструкциялау, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақталуын;

      химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгіленген нормалар мен ережелердің сақталуын;

      экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуын;

      өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен қағидаларының сақталуын;

      ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптардың сақталуын;

      Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдердің орындалуын;

      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуын;

      өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен қағидаларының сақталуын;

      Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуын;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен қағидаларының сақталуын;

      мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптардың сақталуын;

      міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптардың сақталуын;

      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптардың сақталуын;

      қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуын;

      технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуын;

      Ресей Федерациясының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартында көрсетілген талаптардың сақталуын;

      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      41) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      42) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      43) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      44) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады;

      45) жер қойнауын сақтау саласының жер қойнауын ластау бөлігінде талаптарды сақтамаудың салдарынан келтірілген залалды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды;

      46) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;

      47) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      48) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      49) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      50) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;

      51) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;

      52) ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын келіседі;

      53) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер бағдарламаларын келіседі;

      54) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;

      55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      56) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      57) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етуді жүзеге асырады;

      58) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";

      15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. аумақтық экология департаменттерінің қызметтерін қадағалау және үйлестіру және бақылау бойынша басшылықты жүзеге асырады;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы мақсаттарда Комитет Төрағасы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, Төрағаның орынбасарларын қоспағанда, лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазаларды қолданады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті өз құзыреті шегінде білдіреді;

      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысына Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штаттық санын өзгерту туралы ұсыныстарды енгізеді;

      5) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдерді қабылдайды;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша жеке жауапкершілік жүктеледі;

      7) заңнамада бекітілген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдары - экология департаменттері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілік арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелерін шешеді;

      8) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.";

      9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1. Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ережесінде:

      13–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      4) департаменттың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;

      6) мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      7) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      9) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      10) көмiрсутек шикiзаты бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      11) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуда жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, көмiрсутек шикiзаты бойынша келiсiмшарттардың және өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердің талаптарын жер қойнауын пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      13) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;

      14) өз құзыреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      15) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;

      17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;

      18) ең озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      19) табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      20) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын;

      қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін;

      жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын процестер салдарының алдын алу және жою, топырақтың құнарлылығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенінің өткізілуін;

      жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және реконструкциялау кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатының алынуын, сақталуын және пайдаланылуын;

      пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы процестер мен жұмыстардан босаған жерлердің нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтірілуін;

      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуын;

      кен орындарының және өзге қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік процестерден жер қойнауының сақталуын;

      жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануын және жойылуын;

      жер қойнауын пайдалану және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормалардың және қағидалардың сақталуын;

      минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдердің сақталуын;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;

      зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды сулардың жер қойнауына төгілуін;

      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көму, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау қағидаларының сақталуын;

      су сапасы нормативтерінің сақталуын;

      атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге талаптардың сақталуын;

      кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын;

      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуын;

      кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, реконструкциялау, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;

      радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақталуын;

      химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгіленген нормалар мен ережелердің сақталуын;

      экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуын;

      өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен қағидаларының сақталуын;

      ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптардың сақталуын;

      Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдердің орындалуын;

      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуын;

      өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен қағидаларының сақталуын;

      Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуын;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен қағидаларының сақталуын;

      мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптардың сақталуын;

      міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптардың сақталуын;

      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптардың сақталуын;

      қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуын;

      технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуын;

      Ресей Федерациясының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартында көрсетілген талаптардың сақталуын;

      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      21) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      22) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      23) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      24) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады;

      25) жер қойнауын сақтау саласының жер қойнауын ластау бөлігінде талаптарды сақтамаудың салдарынан келтірілген залалды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды;

      26) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;

      27) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      28) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      29) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      30) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;

      31) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;

      32) ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын келіседі;

      33) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;

      34) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      35) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      36) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті, тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдар – экология департаментері осы бұйрықты іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады