Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12694 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік оның көшірмесін баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика                                   Е. Досаев
      министрі

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ______________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы ____ _______

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы 
№ 751 бұйрығына      
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып тіркеген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 сәуірде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырлысын:
      «10-1. Табиғи монополиялар субъектілері «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда, көрсетілген Қағидалармен белгіленген тәртіпте және мерзімде техникалық шарттарды беруді жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
      «75-1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 89-1-тармақпен толықтырылсын:
      «89-1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен айқындалады.».
      2. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85299 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      3. «Объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидалары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      4. «Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары»;
      Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      5. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы     
Ұлттық экономика министрінің  
өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша       

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2014 жылғы 9 желтоқсандағы  
№ 136 бұйрығымен     
бекітілді         

Р/с

Біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Іздестіру қызметі

1)

Штатында іздестіру қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник жұмыскерлердің біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы:
1) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары, құралдары, механизмдері, құрылғылары;
2) инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүзеге асырған кезде есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютер

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4)

жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

5)

жауапты инженер-техник жұмыскердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2.

Жобалау қызметі

2.1

жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

1)

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
жобаның бас сәулетшісі бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2.2

жобалау қызметімен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

1)

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, аға конструктор, жобалаушы жетекші инженер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3)

лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті, оның ішінде «BIM-технологияны» қолдана отырып, есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4)

лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға шетелдік тұлғалар үшін лицензия немесе өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады

лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі

5)

бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі

2.3

жобалау қызметімен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

1)

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
жобаның бас сәулетшісі,
аға конструктор,
жобалаушы жетекші инженер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3)

лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті, оның ішінде «BIM-технологияны» қолдана отырып, есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4)

лицензиаттың кемiнде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асырған тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжiрибесi не II санаттағы лицензиат ретiнде кемiнде бес жыл жұмыс тәжiрибесi.
Жұмыс тәжiрибесi лицензияны алған күннен бастап есептеледі.
Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады.
Шетелдiк тұлғалар үшiн жұмыс тәжiрибесi ретінде жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асыруға тең келетiн рұқсат беру құжаты есепке алынады.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін алты жыл жұмыс тәжiрибесi.
Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды

лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның ұсынымдары.
Қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаға және Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға – қатысушыға (акционерге) жарғылық капиталына қатысу үлестері (үлестер немесе акциялар) 50 немесе одан көп тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғаға жобалау қызметімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның І санаттағы лицензиясының көшірмесі, әрбір қатысушының (акционердің) қатысу үлесін көрсете отырып, қатысушының (акционердің) құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушы (акционер) – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат беріледі

5)

құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бас мердігер ретінде бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Құрылтайшылары жобалау қызметімен айналысатын Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі

3.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

3.1

құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

1)

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы, жұмыс жүргізуші,
мастер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған.
Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, сондай-ақ әкімшілік, техникалық және өндірістік қызметкерлердің еңбек жағдайларын бұзбаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3.2

құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

1)

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы,
жұмыс жүргізуші,
мастер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4)

лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия немесе шетелдік тұлғалар үшін өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады

лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі

5)

бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі

3.3

құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

1)

штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы,
жұмыс жүргізуші, мастер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3)

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4)

лицензиаттың кемінде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі не ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесі лицензия алған күннен бастап есептеледі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады.
Шетелдік тұлғалар үшін жұмыс тәжірибесі ретінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға тең келетін рұқсат беру құжаты есепке алынады.
Құрылтайшылары жобалау қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды

лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаға және Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға – қатысушыға (акционерге) жарғылық капиталына қатысу үлестері (үлестер немесе акциялар) 50 немесе одан көп тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғаға жобалау қызметімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның І санаттағы лицензиясының көшірмесі, әрбір қатысушының (акционердің) қатысу үлесін көрсете отырып, қатысушының (акционердің) құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушы (акционер) – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат беріледі

5)

бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.

бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс   
саласында қызметті жүзеге асыруға   
қойылатын бірыңғай біліктілік     
талаптарына және оларға сәйкестікті  
растайтын құжаттардың тізбесіне   
қосымша                

Іздестіру қызметіне лицензияға мәліметтер нысаны

Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)

      1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________
      2) Лауазымы ___________________________________________________
      3) Осы ұйымда _________________________________ жұмыс істейді
            (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
      4) Жұмыс өтілі ________________________________________________
  (мамандығы бойынша және атқарып отырған жұмысындағы өтілін көрсету)
      5) Оқу орнының атауы __________________________________________
      6) Бітірген жылы ______________________________________________
      7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________
      8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
      9) Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы
құжаттарын тану және/немесе нострификациялау туралы ақпарат _________
_____________________________________________________________________
          (куәліктің нөмірін және берілген күнін көрсету)

Өндірістік база туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

      10) Өндірістік базаның мекенжайы ______________________________
_____________________________________________________________________
      11) Ауданы ____________________________________________________
      12) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі_________
_____________________________________________________________________
      13) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________
      14) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, «Х» белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс
түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін
қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен
_____________________________________________________________________
      Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____
_____________________________________________________________________

Сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы мәліметтер

      15) Жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз
етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс
жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулықтың
деректемелері
_____________________________________________________________________

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген
қағидалар мен нұсқаулықтар туралы мәліметтер

      16) Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша
бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы мәліметтер _____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)

      17) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      18) Өлшем бірлігі _____________________________________________
      17) Саны ______________________________________________________
      20) Пайдалану мерзімі _________________________________________
      21) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      22) Ескертпе  _________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жобалау қызметіне лицензияға мәліметтер нысаны

Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

      1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________
      2) Лауазымы ___________________________________________________
      3) Инженер-техник жұмыскер аттестатының болуы _________________
_____________________________________________________________________
          (аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

      4) Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ораналасқан объектінің
мекенжайы____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5) Ауданы _____________________________________________________
      6) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________
_____________________________________________________________________
      7) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ____________________________
      8) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, «Х» белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс
түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін
қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен
_____________________________________________________________________
      Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____
_____________________________________________________________________

Өзге талаптар
(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде
толтырылады)

      10) Жұмыс тәжірибесі __________________________________________
      11) Іске қосылған объектілер __________________________________

      12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар
актілерінің деректемелері ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде толтырылады)

      13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
      15) Саны ______________________________________________________
      16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
      17) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      18) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияға мәліметтер нысаны

Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

      1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________
      2) Лауазымы ___________________________________________________
      3) Инженер-техник жұмыскер аттестатының болуы _________________
_____________________________________________________________________
           (аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

      4) Өндірістік базаның мекенжайы _______________________________
_____________________________________________________________________
      5) Ауданы _____________________________________________________
      6) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________
_____________________________________________________________________
      7) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ____________________________
      8) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, «Х» белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс
түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін
қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен ________
      Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____
_____________________________________________________________________

Өзге талаптар
(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде
толтырылады)

      10) Жұмыс тәжірибесі __________________________________________
      11) Іске қосылған объектілер __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар
актілерінің деректемелері ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде толтырылады)

      13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
      15) Саны ______________________________________________________
      16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
      17) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты)_____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      18) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір    
бұйрықтарының тізбесіне 
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі  
№ 305 бұйрығымен     
бекітілген       

Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық
негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша
сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін қаралған қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының;
      қаралған құрлыс объектілерінің жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындыларын (салалық сараптамалардың жергілікті қорытындыларын қоса алғанда) ресімдеу тәртібін белгілейді.
      3. Құрылыс жобалары бойынша сараптама қорытындыларын (салалық сараптамалардың жергілікті қорытындыларын қоса алғанда) ресімдеу және беру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бірыңғай электрондық ақпараттық жүйесінің ведомствосы пайдаланылады.
      Осы норма қала құрылысы жобалары бойынша сараптама қорытындысын ресімдеудің тәртібіне қолданылмайды.
      4. Осы Қағидаларда ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу кезінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) тапсырыс беруші – жобаның тапсырысшысы болып табылатын жеке және заңды тұлға (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі немесе жобаның өзге тапсырысшысы – меншік иесі, инвестор, құрылыс салушы);
      2) құрылыс жобасы – жаңа объектілер салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге) арналған сараптамаға жататын техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар;
      3) қала құрылысы жобалары – сараптамаға жататын аумақтарды дамытудың және құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары аумақтарды дамыту мен салуды қала құрылысына жоспарлаудың мынадай жобалары;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, тұрғындарының есептік саны жүз мың адамнан асатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары, сондай-ақ жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар қала құрылысы жобалары, облыстардың (аудандардың) аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешендi схемалары, тұрғындарының саны жүз мың адамға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары, тұрғындарының саны жиырма мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың, кенттердің және басқа елді мекендердің бас жоспарлары;
      4) бастапқы құжаттар – ведомстводан тыс кешенді сараптамаға (қала құрылысы сараптамасына) ұсынылған кезде құрылыс жобаларына қоса берілетін құжаттар (материалдар, деректер), олардың негізінде осы жоба әзірленеді;
      5) жергілікті сараптамалық қорытынды:
      жиынтық қорытынды ресімдеу үшін сараптама ұйымына ұсынылатын ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша жүргізілген қорытынды;
      объектіні іске қосу кешендеріне, кезектерге (кезеңдерге, сатыларға) немесе учаскелерге бөлуді көздейтін жобалау-сметалық құжаттаманың бір бөлімі немесе бөлімдер тобы бойынша шартта белгіленген талаптарға сәйкес сарапшылар жүргізген нәтижелер бойынша жасалатын қорытынды.

2. Құрылыс жобалары бойынша ведомстводан
тыс кешенді сараптама қорытындыларын ресімдеу тәртібі

      5. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары (салалық сараптамалардың атынан олардың бірлесе орындаушыларын қоса алғанда) өз құзыреті шегінде жобаланатын объектінің функционалдық мақсатын ескере отырып:
      1) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардың;
      2) өндірістік мақсаттағы объектілердің;
      3) инфрақұрылым объектілері бар инженерлік коммуникациялардың;
      4) инфрақұрылым объектілері бар көлік коммуникацияларының;
      5) көпірлердің, көпір өткелдерінің, жол өткелдерің, тоннельдердің және өзге де көпір құрылыстарының;
      6) өзге де функционалдық мақсаттағы объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың (салалық сараптамалардың жергілікті қорытындыларын қоса алғанда) жиынтық қорытындыларын ресімдейді.
      6. Жиынтық сараптамалық қорытындылар:
      1) жоба (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) бойынша кіріспе және сипаттама бөлігі, сондай-ақ сараптамаға ұсынылған жобаға қоса берілетін міндетті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) туралы қысқаша ақпаратты;
      2) жобаның жалпы сапасын талдау және кешенді бағалау және қабылданған техникалық және жобалау шешімдерінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін;
      3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысына қоса берілетін салалық сараптама тұжырымдарының көшірмелерін қоса алғанда, ведомстводан тыс кешенді сараптама нәтижесінде алынған жинақтаушы ұсыныстарымен және (немесе) өзге тұжырымдарымен қаулы ететін бөлімді қамтиды.
      7. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс сараптамалық қорытындысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында белгіленген жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.
      8. Жалпы тәртіппен өткізілетін техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындылары мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдарының жиынтық сараптамалық қорытындылар форматында жасалады және:
      республикалық деңгейде қаралған жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру лауазымдық қызметіне кіретін сараптама ұйымының басшысына (басшысы немесе оның бірінші орынбасары) ұсынатын уәкілетті лауазымды тұлғаның немесе өңірлік деңгейде қаралған жобалар бойынша – тиісті аумақтық құрылымның бірінші басшысының;
      сараптама бөлімдерінің басшылары немесе жобаланатын объектінің функционалдық мақсатына немесе жобаның тиісті бөлімдеріне (бөліктеріне) байланысты осы жоба бойынша басшылық қызметтерді атқаратын мамандардың;
      осы жобаның әрбір бөлімдеріне жауапты сараптама ұйымының басшысы тағайындаған аттестатталған сараптама тобының (атестатталған штаттан тыс сарапшыларды қоса алғанда) басқа аттестатталған мүшелерінің қолы қойылады.
      9. Жобалау тапсырмасында көзделген іске қосу кешендерін белгілеуді (кезектерді немесе құрылыс учаскелері) ескере отырып, өткізілетін жобалау-сметалық құжаттама бойынша сараптама ұйымының қорытындылары:
      1) жобаның әрбір жеке іске қосу кешендері (кезектері, учаскелері) бойынша оны оң бағалау кезінде жобаның осы бөлімін бекітуге ұсынымы бар жергілікті сараптамалық қорытындылар;
      2) жалпы осы жоба бойынша мемлекеттік сараптама аяқталғаннан кейін жиынтық сараптамалық қорытынды форматында жасалады.
      10. Техникалық-экономикалық негіздемеге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жергілікті және жиынтық қорытындылары:
      1) республикалық деңгейде қаралатын жобалар бойынша – ведомстводан тыс кешенді сараптама немесе салалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру лауазымдық қызметіне жататын сараптама ұйымының бірінші басшысы орынбасарының;
      2) өңірлік деңгейде қаралған жобалар бойынша – мемлекеттік сараптама ұйымының тиісті аумақтық құрылымның бірінші басшысының немесе аккредиттелген сараптама ұйымы (немесе жергілікті құрылымының) басшысының;
      3) осы сараптама ұйымының мамандандырылған сараптама бөлімдерінің бастығының немесе тиісті қызметтерді атқаратын мамандардың;
      4) осы жоба бойынша жетекші сарапшы тағайындаған аттестатталған маманның;
      5) осы іске қосу кешеніне арналған жобаның әрбір бөлімі (бөлігі) бойынша жауапты сараптама ұйымының басшысы тағайындаған сараптама тобының өзге аттестатталған мүшелерінің (штаттан тыс сарапшыларды қоса) электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы ресімделеді.
      11. Сараптама ұйымы ведомстводан тыс кешенді сараптама тапсырыс берушіге берген жиынтық қорытындыларына тіркеу нөмірлерін бере отырып, олардың міндетті есебін жүргізеді.

3. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала
құрылысы сараптамасының қорытындыларын ресімдеу тәртібі

      12. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның сараптама комиссиясы бекітілген сараптамалық қорытындыны тапсырыс берушіге беру үшін осы Қағидалардың 4-тармағы 3) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітуге жататын жобаларды қараудың нәтижелері бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысын жасайды, оны Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртіпке сәйкес ресімдейді.
      13. Жергілікті атқарушы органдардың сараптама топтары бекітілген сараптамалық қорытындыны тапсырыс берушіге беру үшін осы Қағидалардың 4-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітуге жататын жобаларды қараудың нәтижелері бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысын жасайды, оны Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртіпке сәйкес ресімдейді.
      14. Кешенді қала құрылысы сараптамасының қорытындысы:
      1) жоба бойынша кіріспе және сипаттама бөлігін, сондай-ақ міндетті келісуді қоса алғанда, жобаға қоса берілетін міндетті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) туралы ақпаратты;
      2) жобаның жалпы сапасын талдау және кешенді бағалау және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын қабылданған техникалық және жобалау шешімдерінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, қала құрылысы және техникалық регламенттерге, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін;
      3) кешенді қала құрылысы сараптамасы нәтижесінде алынған жинақтаушы ұсыныстарымен және (немесе) өзге тұжырымдарымен қаулы бөлігін көздейді.
      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне кіретін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысына сараптама комиссияның мүшелері қол қояды және оны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның сараптама комиссиясының төрағасы не оның төрағасының міндетін атқарушы сараптама комиссиясының мүшесі бекітеді.
      16. Мәслихаттардың құзыретіне кіретін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысына сараптама топтарының мүшелері қол қояды және оны жергілікті артарушы орган бекіткен сараптама тобының жетекшісі не оның жетекшісінің міндетін атқаратын сараптама тобының мүшесі бекітеді.

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір    
бұйрықтарының тізбесіне  
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі  
№ 306 бұйрығымен    
бекітілді        

Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді
ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына
қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен
ұйымдарды) тарту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және:
      1) жаңа объектілердің құрылысына, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін аккредиттелген сараптама ұйымдары мен мемлекеттік сараптама ұйымының сараптама комиссияларын құру;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша жергілікті (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының сараптама топтарын құру;
      4) штаттан тыс сарапшылар немесе консультанттар ретінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс және/немесе кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдар) тарту тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) аккредиттелген сараптама ұйымы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысының жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) жобалау саласындағы сарапшы – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;
      3) консультант – құрылыс жобасының немесе қала құрылысы жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша консультациялар беру үшін құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасына немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін тартылған жоғары кәсіби білімі, тиісті біліктілігі, кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар, жобалау және/немесе аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы маман немесе мамандандырылған ғылыми-зерттеу институтының (жобалау ұйымының) өкілі;
      4) қала құрылысының кешенді сараптамасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы құратын сараптама комиссиялары, сондай-ақ мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама топтары жүзеге асыратын әртүрлі деңгейдегі (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары, өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары) қала құрылысы жобаларының міндетті сараптамасы;
      5) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілер құрылысы жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
      6) объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы – ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын жобалар сараптамасы.
      7) хатшы – сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамына кіретін, қаралатын қала құрылысы жобасы бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге жауап беретін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының, жергілікті атқарушы органның маманы.
      3. Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама түрде қатысқан немесе оларды әзірлеген мамандандырылған институттар мен ұйымдардың өкілдері болып табылатын мамандарды сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына қосуға, сондай-ақ жобалар сараптамасына өзге нысанда қатысу үшін тартуға болмайды.

2. Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін
сараптама комиссияларын құру тәртібі

      4. Аккредиттелген және мемлекеттік сараптама ұйымдары мына:
      1) бірегей объектілердің;
      2) жобалау практикасында сирек кездесетін функционалдық (технологиялық) маңызы бар немесе құрылыс учаскесінің (алаңдарының, трассаларының, аумақтарының) ерекше жағдайлары бар техникалық және (немесе) технологиялық күрделі объектілердің;
      3) аталған объектіге арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және құрылыс жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген өзге де объектілердің құрылысы жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерін және жобалау-сметалық құжаттамаларын) қарау қажет болған жағдайда алқалық шешім қабылдау үшін сараптама комиссияларын құрайды.
      5. Аккредиттелген сараптама ұйымдары Сараптама ұйымдары палатасының мүшелеріне қабылданған сәттен бастап құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізеді.
      6. Сараптама комиссиясының құрамына аккредиттелген сараптама және мемлекеттік сараптама ұйымдарының штаттағы аттестатталған сарапшылары, сондай-ақ кешенді ведомстводан тыс сараптамаға қатысу үшін шарт негізінде тартылатын штаттан тыс аттестатталған сарапшылар не консультанттар енгізіледі. Қажет болған жағдайда осындай комиссияның жұмыс отырысына қатысуға қаралып отырған жобаның мүдделі салалық мемлекеттік органдарының өкілдері, тапсырыс берушілер мен әзірлеушілердің уәкілетті өкілдері шақырылады.

3. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын
жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру
тәртібі

      7. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобалардың кешенді қала құрылысы сараптамасын (бұдан әрі – кешенді қала құрылысы сараптамасы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) және жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама комиссиялары (сараптама топтары) жүргізеді.
      8. Ведомствоның сараптама комиссиясы мынадай қала құрылысы жобалары:
      1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;
      2) аумақты дамытудың өңіраралық схемасы;
      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары;
      4) жалпымемлекеттік маңызы бар өзге де қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.
      9. Жергілікті атқарушы органдардың сараптама топтары мынадай қала құрылысы жобалары:
      1) облыстар, аудандар аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;
      2) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі елді мекендердің бас жоспарлары;
      3) халқының есептік саны бес мың тұрғыннан асатын елді мекендердің бас жоспарлары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.
      10. Кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін ведомство (жергілікті атқарушы орган) әрбір қала құрылысы жобасының сараптамасына жеке сараптама комиссиясын (сараптама тобын) құрады және сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамынан хатшыны белгілейді.
      11. Төраға (басшы), төрағаның орынбасары (басшының орынбасары), мемлекеттік сараптама ұйымы (оның аумақтық бөлімшелері) сарапшыларының арасынан жобалардың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар және жобалау ұйымдары, мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары мамандарының арасынан консультанттар сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) мүшелері болып табылады.
      Ведомствоның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) төрағасы (басшысы) болып табылады. Төраға (басшы) болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды.
      Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) мүшелерiнiң жалпы саны тақ сан болып табылады және кемiнде тоғыз адамды құрайды.
      12. Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және сараптама комиссиясы (сараптама тобы) сараптамалық қорытынды берген күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
      13. Қажет болған жағдайда сараптама комиссиясының (сараптама тобының) жұмыс отырысына мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері, атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, қаралып отырған жобаның тапсырыс берушісі мен әзірлеушісінің уәкілетті өкілдері шақырылады.

4. Жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасына және
кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды
(мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі

      14. Кешенді ведомстводан тыс немесе кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін құрылыс жобаларында ерекше, тар көлемді мамандандырылған білім мен тәжірибені талап ететін (шоғырландырылған) инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде, сондай-ақ қала құрылысы жобаларында, жоспарлау аумақтарының шегінде айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi болған кезде оған тиісті мамандандырылған ғылыми-зерттеу, жобалау (жобалау-іздестіру, жобалау-жоспарлау) институттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде тартылады.
      Тиісті шарттарды жасасу кезінде тартылып отырған институттар мен ұйымдардың мәртебесін растайтын лицензиялардың, сертификаттардың (куәліктердің, аттестаттардың), сондай-ақ олардың мамандарының тиісті қызметке біліктілігі мен құқығының болуы қажетті шарт болып табылады.
      15. Құрылыс жобалары бойынша аккредиттелген немесе мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын кешенді ведомстводан тыс сараптамаға қатысу үшін консультанттар ретінде сырттан келетін мамандарды (оның ішінде шетелдік мамандарды) тартуға көрсетілген мамандарда олардың кәсіби білімі мен біліктілігін немесе тиісті отандық және/немесе шетелдік мамандандырылған институттар мен ұйымдарда практикалық қызметін растайтын құжаттар болған жағдайда жол беріледі.
      Бұл ретте консультанттар үшін аттестаттың болуы талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір   
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша      

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 ақпандағы  
№ 71 бұйрығымен     
бекітілді        

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.
      2. Қағидаларда Заңмен айқындалған ұғымдар қолданылады.

2. Инжинирингтік қызметтерді ұйымдастыру

      3. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны (бұдан әрі – сарапшы) не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды (бұдан әрі – ұйым) тартқан кезде осы Қағидаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарын басшылыққа алады.
      4. Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда, ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық және авторлық қадағалау және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.
      5. Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшылардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.

3. Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжинирингтік
қызметтер көрсету

      6. Мыналар:
      жүйелі бақылауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталған кезеңдерін пайдалануға қабылдау мақсатында өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін;
      ғимараттар мен құрылыстардың жобалау шешімдеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкестігі үшін;
      қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сапасы үшін;
      белгіленген тәртіппен және шартта (келісімшартта) айқындалған мерзімдерде объектілерді салуды жүзеге асыруға және пайдалануға беру үшін техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
      7. Инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі сарапшыларды (ұйымдарды) тарта отырып, техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші «Жұмыс жүргізуге» деген сызбадағы белгісі бар жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинағының бір данасын техникалық қадағалауға береді.
      8. Техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде жалпы техникалық қадағалаудың басшысы тапсырыс берушіге, ал техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстардың арнайы түрлері бойынша – жалпы техникалық қадағалау басшысына есеп береді.
      9. Техникалық қадағалау авторлық қадағалау сарапшылармен, мердігерлік қызметтің құрылыстың сапасын өндірістік бақылау жұмыскерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының мамандарымен бірге жүзеге асырылады.
      10. Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10483 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларына, Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-І бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2989 болып тіркелген) Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережеге сәйкес байланыс және электр беру желілерінің күзетілетін аймақтарда, темір жолға және автомобиль жоларына бөлінген белдеулерде жұмыс жүргізуге жазбаша рұқсатының болуын тексереді;
      2) құрылыстың күнтізбелік жоспарын сақтауға және объектілерді пайдалануға берудің нормативтік мерзімдерінің немесе мердігерлік шартта белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      3) салынып жатқан объектілерде мемлекеттік нормативтердің және атқарушылық құжаттардың, салыстырып өлшеу құралдарының болуын тексереді;
      4) геодезиялық бөлу негізін қабылдауға және мердігерге беруге қатысады, сондай-ақ құрылыс аяқталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуді жобаның автормен бірге бақылайды;
      5) жобалау-сметалық құжаттаманың сәйкессіздігі анықталған кезде және жобалау шешімдерін өзгеру, материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды ауыстыру қажет болған кезде тапсырыс беруші осы мәселелерді шешуі үшін ұсыныстар енгізеді;
      6) мердігердің жөнделген жабдықтар мен инженерлік желілерге жеке сынақ жүргізуін және олардың нәтижелерін тиісті ресімдеуді бақылайды;
      7) сынақтан кейін жабдықтарды қабылдауға қатысады;
      8) тұрақты негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын, олардың жобалау құжаттамасына, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға, техникалық регламенттердің талаптарына, инженерлік ізденістердің нәтижелеріне сәйкестігін, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) болуын және дұрыс ресімделуін, сондай-ақ кірме бақылаудың құжатталған нәтижелерін тексереді, ақаулар мен бұзушылықтарды уақытында анықтайды, олар туралы тапсырыс беруші мен мердігерге хабарлайды;
      9) технологиялық операциялардың құрамы мен орындау сапасының сәйкестігіне бақылау, оның ішінде мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес операциялық бақылау жүргізеді;
      10) қабылдау бақылауын жүзеге асырады, мердігер орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін уақытында тексереді, белгіленген нысандағы актілерді ресімдей отырып, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау жүргізеді;
      11) техникалық қадағалау жөніндегі журналға (Қағидалардың 1-қосымшасы) анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша ескертулер мен нұсқауларды енгізеді және олардың орындалуын бақылайды;
      12) авторлық қадағалау, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органы жүзеге асыратын тексерулерге қатысады, тиісті журналдарға белгілер қоя отырып, тексерулер кезінде мердігерлердің алған нұсқауларының орындалуын бақылайды;
      13) егер құрылыс бақылауын жүргізу процесінде басқа құрылыс конструкцияларын және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің учаскелерін бұзбай немесе зақымдамай анықталған кемшіліктерді жою мүмкін болмаса, объектінің қауіпсіздігіне әсер ететін, жұмыстардың орындалуын бақылау басқа жұмыстар орындалғаннан кейін жүргізілуі мүмкін жұмыстардың орындалуына, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің учаскелерінің қауіпсіздігіне бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;
      14) өзінің қызметімен тапсырыс берушінің қаражатын нысаналы және ұтымды пайдалануға ықпал етеді, жинақтау ведомосінде орындалған және ақы төленген жұмыстардың толық және дәл есебін жүргізеді;
      15) мердігерден құрылыс алаңында материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды сақтаудың тиісті шарттарының сақталуды, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстарды тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуді талап етеді;
      16) құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз ету және оның сапасы мәселелері бойынша, сондай-ақ сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау мәселелері бойынша мердігердің талаптарын қарайды, осындай талаптар бойынша шешім шығарады және тапсырыс беруші шешім қабылдауы үшін өзінің ұсыныстарын енгізеді;
      17) құрылыс кезеңінде мердігермен бірлесіп жауапты ғимараттар мен құрылыстардың шөгуіне жобада көзделген бақылауды белгілейді және бақылаудың нәтижелерін тиісті құжаттамалармен ресімдейді;
      18) құрылыстың мердігерлік шарты бойынша жұмыстарды қабылдау кезінде, сондай-ақ объектіні пайдалануға қабылдауға дайындау кезінде жұмыстардың әрбір түрінің, конструкциялардың, жабдықтардың және тұтастай объектінің нақты дайындығын тексереді, атқарушылық құжаттаманың тиісті ресімделуін, қабылдау актілерінің тізбесіне енгізілген жөнделген және орнатылған жабдықтардың пайдалануға берілген объектіде нақты болуын салыстырып тексереді;
      19) пайдалануға беруге объектінің дайындығын растайды, «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10529 болып тіркелген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді;
      20) консервациялауға жататын объектілерді куәландыруға, құрылысты консервациялауға немесе уақытша тоқтатуға арналған құжаттамаларды ресімдеуге, сондай-ақ құрылысты консервациялаудан немесе уақытша тоқтатудан кейін жұмысты жалғастыру үшін құрылыс ұйымдарына беру кезінде объектілердің техникалық жай-күйін бағалауға қатысады;
      21) тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамасын және мемлекеттік нормативтерді бұзушылықпен орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
      22) конструкциялардың деформациялау және қирау қаупі болған, адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төнген, сондай-ақ техникалық қадағалаудың ақаулар мен бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулары орындалмаған жағдайларда жұмыс жүргізуді тоқтатады (міндетті түрде тапсырыс беруші мен мердігерге жазбаша хабарлама жібереді);
      23) мердігерге, қажет болған жағдайларда тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамасының және мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұзған және техникалық қадағалаудың нұсқауларын орындамайтын тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;
      24) тапсырыс берушіге жұмыс жүргізудің, жаңа материалдар мен технологиялардың құрылыстың сапасын арттыруды, құнынын төмендетуді және мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз ететін прогрессивтік әдістерін енгізу туралы ұсыныс енгізеді;
      25) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына ай сайынғы негізде құрылыстың барысы туралы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы (фотоесептерді қоса бере отырып) ұдайы есептер ұсынады.
      26) құрылыс алаңдарына кiре алады;
      27) жобаның іске асыру барысы туралы тапсырыс берішуге ай сайын есеп береді.
      11. Техникалық қадағалаудың өкілі жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау және оларға ақы төлеу үшін жұмыстарға қабылдау жүргізеді. Жұмыстарды куәландыру және қабылдау мердігер өкілдерінің, қажет болған жағдайларда қосалқы мердігерлік ұйымдар (олар орындаған жұмыстарды куәландыру және қабылдау кезінде) және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысумен жүзеге асырылады.
      12. Мердігер куәландыру және жұмыстарды қабылдау басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей техникалық қадағалау сарапшысының алдағы куәландыруы немесе жұмыстарды қабылдауы туралы хабарлайды. Егер техникалық қадағалаудың өкілі жасырын жұмыстарды куәландыруға мердігердің сұрауында көрсетілген мерзімде келмесе, ал куәландыру кейінгі жұмыстарды тоқтатуға алып келсе, онда мердігер біржақты тәртіппен жасырын жұмыстарды куәландыру актісін жасайды. Осындай жағдайда, техникалық қадағалау өкілі орындалған жұмыстың дұрыстығын растау үшін конструкцияларды ашуды талап еткен кезде ашу тапсырыс берушінің қаражаты есебінен, ал сапа бойынша талаптардың бұзылғаны анықталған кезде – мердігердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жасырын жұмыстарды куәландыру нәтижелері бойынша нормативтік-техникалық құжатта белгіленген нысанда акті жасалады.
      13. Жасырын жұмыстарды куәландыру кейінгі жұмыстар басталғанға дейін жүргізіледі. Егер кейінгі жұмыстарды ұзақ үзілістен (алты айдан аса) немесе ауа-райы күрт өзгергеннен (жаңбыр, үсік және т.б.) кейін орындау қажет болса, онда жасырын жұмыстарды куәландыру қайта жүргізіледі. Қайта куәландыру куәландырылатын жұмыстар мен конструкциялар зақымданған жағдайда зақымдану жойылғаннан кейін жүргізіледі.
      14. Орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін оларды қабылдауды техникалық қадағалаудың өкілі құрылыстың мердігерлік шартында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Есепті кезең деп объектіні салу немесе құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажет ай не уақыт кезеңі қабылдануы мүмкін. Қабылдаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларына 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша техникалық қадағалаудың өкілі қол қоятын орындалған құрылыс жұмыстарының актісі ресімделеді.
      15. Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау, сондай-ақ орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін оларды қабылдау кезінде мердігерден мынадай құжаттамаларды талап етуі тиіс:
      «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 67 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9952 болып тіркелген) жер учаскесінің шекарасын анықтау туралы құжат;
      ғимаратты, құрылысы тұрғызу актісі;
      ғимараттар мен құрылыстардың негізгі осінің геодезиялық бөлінуін тексеру актісі;
      репердің белгісін ауыстыру актісі;
      жұмыс жүргізудің жалпы журналы;
      қадағалар қағу, қадағаларды зерттеп-қарау журналы, құрылыс конструкцияларын монтаждау жөніндегі жұмыстың журналы;
      дәнекерлеу жұмыстарының журналы;
      дәнекерленген қосылыстарды коррозияға қарсы қорғау журналы;
      мемлекеттік нормативтерде белгіленген нысан бойынша монтаждалған жіктер мен тораптарды тұтас бекіту журналы;
      бақыланып тартылатын болттардағы монтаждалатын қосылыстарды орындау журналы;
      авторлық қадағалау журналы;
      материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды сынау актісі (хаттамасы);
      материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасы туралы құжаттар (паспорттар мен сертификаттар);
      атқарушылық геодезиялық схемалар.
      16. Дайындығына қарай жекеленген жауапты конструкциялар мемлекеттік нормативтермен белгіленген нысан бойынша акті рәсімдей отырып, техникалық қадағалау өкілдерінің аралық қабылдауына жатады.
      17. Жұмыстарды куәландыру және қабылдау, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау кезінде техникалық қадағалау өкілі қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың жобалау және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін, орындалған жұмыстың құрамы мен көлемінің жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, жұмыс пен авторлық қадағалау журналдарында белгіленген ақаулар мен бұзушылықтардың жойылуын тексереді.
      18. Жобалау-сметалық құжаттамаға толық сәйкес орындалған жұмыстар қабылдауға жатады. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттамадан барлық ауытқуларды жобалау ұйымымен келісуі тиіс. Мұндай келісім болмаған жағдайда жұмыстар ауытқулар жойылғаннан кейін ғана қабылданады.

4. Авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді
ұйымдастыру

      19. Авторлық қадағалау сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне; сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
      20. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.
      21. Жобаны авторлық қадағалау авторлық қадағалау жүргізуге құқығы бар тапсырыс беруші мен жобаның авторы және (немесе) әзірлеушінің не сарапшының арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
      Объектінің құрылысы басталуға екі ай қалғанда тапсырыс беруші жобаның авторына және (немесе) әзірлеушісіне авторлық қадағалау жүргізуге арналған шарттың жобасын жібереді.
      22. Жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі шарттың жобасын алғаннан кейін бір ай ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) шарттың жобасына қол қояды және оны тапсырыс берушіге жібереді;
      2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге объект құрылысына авторлық қадағалау жүргізу (жүзеге асыру) құқығын береді, ол туралы тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар және тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, аттестатың нөмірі және оның берілген күні көрсетілген мөрі бар сарапшыға объект құрылысына авторлық қадағалау жүргізу (жүзеге асыру) құқығын береді, ол туралы тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды.
      Осындай жағдайда авторлық қадағалау жүргізуге арналған шарт тапсырыс беруші мен сарапшының арасында жасалады.
      23. Жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі, сондай-ақ авторлық қадағалауды жүргізуге құқық берілген сарапшылар авторлық қадағалауды құрылыстың барлық кезеңінде құрылыс объектісіне бару бойынша әзірленген жоспар-кестеге сәйкес объектіге бару осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша авторлық қадағалау журналын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      24. Әрбір бару және оның қорытындылары авторлық қадағалау журналында тіркеледі және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның жеке мөрімен куәландырылады.
      25. Автор немесе жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы:
      1) ғимараттар мен құрылыстарды салу бойынша орындалған жұмыстар көлемінің, жұмыс құрамының, жүргізу технологияларының және сапасының сәйкестігін тексереді, оның ішінде технологиялық жабдықтарды жинақтау бойынша, жобалау шешімдері бойынша жұмыстардың сәйкестігін тексереді;
      2) құрылыс барысында жобалау-сметалық құжаттама бойынша туындаған мәселелерді уақытында шешеді, қолданыстағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      3) жекелеген жауапты конструкцияларды және мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жасырын жұмыстардың негізгі түрлерін қабылдауға қатысады (тапсырыс берушінің техникалық қадағалаушысымен бірге);
      4) конструкцияларға, бөлшектерге, құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған сертификаттардың (паспорттардың) және басқа да техникалық құжаттамалардың мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді;
      5) мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін конструкцияларды, бөлшектерді, құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салады;
      6) тапсырыс берушінің және мердігердің өкілдеріне жобалау-сметалық құжаттаманың және нормативтік құжаттардың талаптарын бұзып орындалатын жұмыстарды тоқтату туралы нұсқау береді.
      26. Автор немесе жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы:
      функцияларды сапалы және уақытылы орындауға;
      объектінің құрылысын авторлық қадағалау журналын сапалы және уақытында жүргізуге;
      авторлық қадағалауды жүргізу жоспар-кестесін уақытында орындауға және қатаң сақтауға;
      «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес конструкциялардың, бұйымдардың, элементтер мен материалдардың тиісті пайдалану сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты.
      27. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы құрылыс объектісіне алғаш барған кезде мемлекеттік нормативтерге сәйкес авторлық қадағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың сәйкестігін белгілейді.
      28. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы құрылыс объектісіне мынадай барған кезде орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігін белгілейді.
      29. Автор және (немесе) жобаны әзірлеуші, авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы орындалған жұмыстардың сәйкессіздігін анықтаған кезде журналға белгі қояды және ескертулер анықталған сәттен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде ол туралы тапсырыс берушіге, мердігерге және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына жазбаша нысанда хабарлайды.
      30. Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) бекітілген нормативтік құқықтық актінің белгіленген нысанына сәйкес орындалған жұмыстың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды не теріс қорытынды береді.

5. Жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

      31. Техникалық күрделі объектілерді салу үшін, соның ішінде бірегей құрылыс объектілер және ірі инвестициялық жобалар, жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушімен (салымшымен) жобаны басқару бойынша инжинирингтік ұйымдар тартылуы мүмкін.
      32. Тапсырыс берушімен немесе салымшымен бүкіл инвестициялық мезгіліне, жобалау алдындағы кезеңінді және жобалау кезеңінді қоса алғанда, жобаның іске асырылуы кез келкен кезеңінде объектінің немесе бірнеше объектілердің құрылысына және пайдалануға енгізуіне, жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін, аккредиттелген ұйым (одан әрі – ұйым) қатыстырады.
      33. Жобаны іске асыру барысында, мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан, осы жобаның жобаны басқару бойынша және мердігерлік жұмыстарын (жобалау алды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстары) функцияларын бірлестіру рұқсат етілмейді.
      34. Жобаны басқару бойынша ұйым инжинирингтік қызмет көрсеткен кезде, мынадай функцияларды іске асырады:
      1) ойдағыдай жобаны жүзеге асыру және мердігерлік келісімді атқару үшін керек болған, тапсырыс берушінің келісімде ескерткен кызметерді көрсетеді.
      2) техникалық шарттарды және атқарылатын съемкаларды дұрыс және уақыттылы рәсімдеуін қамтамасыз ету.
      3) мердігерлік конкурстардың (тендерлердің) қатысушылардың мамндығын анықтайды және олардың ұсыныстарын бағалайды.
      4) тапсырыс берушi мен мердiгер арасындағы мердiгерлiк шартты дайындау процесiне қатысу;
      5) тапсырыс берушiге мердiгерлiк шартты iске асыруға және ұсыным беруге қатысты туындаған проблемалар туралы хабарлау
      6) жобаны әзірлеу кезінде:
      қабылданған жобалау шешімдердің тиімділігін тексереді;
      жобаланған объектінің техникалық көрсеткіштерін жақсылау туралы ұсыныстарды енгізеді;
      жаңа құрылыс материалдарды және өндірістік жұмыс технологияларын қолдану бойынша кепілдемелерді береді;
      7) жоба сапасыз әзірлеген немесе жобаға ведомствадан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы болған кезде, жобалау ұйымының жұмыстан шеттету туралы ұсынысты енгізеді;
      8) тапсырыс берушімен және жобаны әзірлеушімен келісуімен бекітілген жобалық шешімдерге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
      9) жобаның іске асыру барысы, мердігердің (әзірлеушінің) қызметті, жұмыс сапасы (фотоесеб қосымшамен бірге), бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы тапсырыс берішуге ай сайын есеп береді.
      10) құрылыс-монтаждау жұмыстары кезде:
      келісімдер жасалған объектiлердің құрылыс алаңдарына кiре алады;
      тапсырыс берушiнiң техникалық өкілi ретiнде құрылыс объектiлерiнде тапсырыс берушінiң мүддесiн бiлдiреді және қорғайды;
      мердiгер жүргiзетiн құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына толық сәйкес келуiн қамтамасыз етеді;
      мердiгердiң құрылыс алаңдарында техникалық қауiпсiздiк, еңбектi қорғау және қоршаған ортаны қорғау ережелерiн сақтауын қамтамасыз етеді;
      объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) тексереді;
      мердiгер дайындаған жұмыстардың күнтiзбелiк жоспарларын қарайды және тапсырыс берушiге бекiтуге ұсыну;
      жұмыстардың өндiрiс қарқынының бекiтiлген кестеге сәйкестiгiн, объектiлердiң материалдық ресурстармен және техникалық құралдармен жиынтықталу барысын, бiлiктi жұмыс күшiмен қамтамасыз етiлуiн бағалайды;
      объектiлерде жұмыс iстейтiн машиналар мен механизмдердi есепке алуды жүргiзу, олардың техникалық жарамдылығын және мердiгердiң конкурстық тапсырысында көрсетiлген тiзбеге сәйкестiгiн бағалайды;
      жұмыстарды орындау мерзiмдерiнiң ұзартылуына, қосымша немесе күтпеген жұмыстарды, шығындарды өтеуге қатысты мердiгердiң шағымдарын тексереді және тапсырыс берушiге ұсынымдар береді;
      бекiтiлген сметаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемi мен олардың құнын тексеру және аралық ақы төлеу немесе мердiгермен толық есеп айырысу кезiнде орындалған жұмыстарды қабылдайды актiлерiн растайды;
      жабық жұмыстардың куәләндіруін, жауапты құрастырылымның аралық қабылдауды және жұмыстарды төлеу үшін олардың қабылдауды жүргізеді;
      техникалық есептер мен ақпарларды дайындауды және бекiтудi, жұмыстардың жүргiзiлу барысын уақтылы құжаттауды қамтамасыз етеді;
      орындалған жұмыстардың көлемiне мерзiмдi және түпкіліктi өлшеудi жүргiзеді және олардың мердiгердiң есептерiне сәйкестiгi туралы қорытындылар береді;
      барлық материалдар мен конструкцияларға арналған барлық кепілдік құжаттамаларыды және сертификаттарды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды тапсырыс берушіге беру;
      сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласыңдағы жобалық шешімдер, құрылыс мерзімі және мемлекеттік нормативтік талаптарды сақтау бойынша бақылауды іске асыру;
      құрылыс-монтаждау жұмыстарды орындауға бағытталған қаражаттардың нысаналы және тиімді пайдалануды бақылайды;
      мердiгерден және қосалқы мердiгерлерден объект бойынша қажетті атқарушы құжаттаманы сұратады;
      технологияның бұзылуы, жобадан ауытқу, сапасыз құрылыс материалдарының пайдаланылуы анықталған жағдайда, ақаулар мен бұзушылықтар жойылғанға дейiн жұмыстарды жүргiзудi тоқтата тұрады;
      жобадан жүйелi түрде ауытқуларға жол берген, жұмыс өндiрiсi ережелерiн және нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын бұзған мердiгердi жұмыстан босату туралы тапсырыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
      төлемге берiлген құжаттарды түзету немесе нормативтiк талаптарға және жобалау құжаттамасына сәйкес келмейтiн жұмыстар көлемiнiң құнын төлеуге берiлген, орындалған жұмыстарды қабылдау актiлерiн алып тастау жөнiнде тапсырыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
      мердiгердiң лауазымды тұлғаларына ақауларды және олардың туындау себептерiн жою туралы ұсыныстар жасайды;
      хат-хабарларды, зерттеу және сынау деректерiн, мәжiлiстердiң хаттамаларын, қаржы жазбаларын, құрылыс алаңының күнделiгiн қоса алғанда, құжаттарды есепке aлу, пайдалану және сақтау жүйесiн құрады.
      35. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және шарттардың талаптарына сәйкес:
      1) тапсырыс берушiнiң тапсырмасы бойынша объектілердiң құрылысы және оларды қайта жаңарту мәселелерi бойынша жергiлікті атқарушы органдармен, жер учаскелерiнiң және коммуникациялардың иелерiмен, басқа да ұйымдармен және жұртшылықпен қарым-қатынасында оның мүддесiн бiлдiредi;
      2) тапсырыс берушімен келісім бойынша объектінің құрылысына бөлінген ақшалай және материалдық қаражаттармен иелік етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы және шарттардың талаптарымен көзделген жауапкершілік тартады.

Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметі саласында  
инжинирингтік қызметтер  
көрсету қағидаларына   
1-қосымша        

Техникалық қадағалау журналы 1-нысан. Техникалық қадағалау журналының титул беті

Техникалық қадағалау № ____ журналы

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Объектінің мекенжайы ________________________________________________
Объект құрылысының толық сметалық құны ______________________________
Тапсырыс беруші _____________________________________________________
                    (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)
Бас жобалаушы (жобалаушы) ___________________________________________
                     (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)
Техникалық қадағалау ________________________________________________                           (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

Журнал басталды ___________________________________ (күні, айы, жылы)
Журнал аяқталды ___________________________________ (күні, айы, жылы)
Бас жобалаушының (жобалаушының) басшысы ______________ ______________
                                        (Т.А.Ә.) МО         (қолы)
Тапсырыс берушінің басшысы _____________________________ ____________
                                 (Т.А.Ә.) МО               (қолы)
Техникалық қадағалау
ұйымының басшысы ____________________________      __________________
                          (Т.А.Ә.)            МО           (қолы)
Тапсырыс берушінің басшысы ____________________________      ________
                                  (Т.А.Ә.)               МО   (қолы)

2-нысан. Техникалық қадағалау журналының бірінші беті

Бас мердігер (мердігер) _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)

Қосалқы мердігер (жеке жұмыс түрлерін орындаушылар):
1) __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мекеменің атауы, пошталық мекенжайы, орындалған жұмыстың атауы)
2) __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3-нысан. Техникалық қадағалау журналының екінші беті Техникалық қадағалау тобының құрамы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Техникалық қадағалау жүргізетін жұмыс

Техникалық қадағалау тобының құрамына енгізілгені туралы бұйрықтың нөмірі және күні

4-нысан. Техникалық қадағалау журналының үшінші беті Техникалық қадағалау тобы мүшелерінің объектіге баруын тіркеу
парағы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Телефон нөмірі

Күні

келу

кету

5-нысан. Техникалық қадағалау журналының есепке алу парағы Есепке алу парағы № ____

Күні

Құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен қағидаттарын бұзғаны және жобадан ауытқудың анықталуы

Жобаны әзірлеушінің, техникалық қадағалау тобы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, жазба жазылған күн

Жазбамен танысқан лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, танысқан күні

Нұсқауды орындағаны туралы белгі (тегі, аты, жөні, лауазымы, күні)

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Авторлық қадағалау тобының мүшесі

1

2

3

4

5

6

7

8

Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметі саласында 
инжинирингтік қызметтер  
көрсету қағидаларына   
2-қосымша        

Нысан Авторлық қадағалау бойынша жоспар-кесте

Авторлық қадағалау шарты бойынша жұмыс кезеңдерінің атауы

Орындау мерзімі (басталуы және аяқталуы)

Авторлық қадағалаудың бару күні

Жұмыс кезеңдерінің бағасы, мың теңге

1

2

3

4

Авторлық қадағалау тобының
басшысы
_________________________
_________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

Тапсырыс берушінің өкілі
____________________
____________________
(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметі саласында 
инжинирингтік қызметтер  
көрсету қағидаларына   
3-қосымша        

Авторлық қадағалау журналы 1-нысан. Авторлық қадағалау журналының титул беті

Авторлық қадағалау № ____ журналы

Құрылыс объектісінің атауы __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Объектінің мекенжайы ________________________________________________
Объект құрылысының толық сметалық құны ______________________________
Тапсырыс беруші _____________________________________________________
                       (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)
Бас жобалаушы (жобалаушы) ___________________________________________
                       (мекеменің атауы, пошталық мекенжайы)
Журнал басталды _________________________ (күні, айы, жылы)
Журнал аяқталды _________________________ (күні, айы, жылы)
Бас жобалаушының (жобалаушының) басшысы _____________    ____________
                                            (Т.А.Ә.)  МО    (қолы)
Тапсырыс берушінің бастығы ______________________        ____________
                                 (Т.А.Ә.)         МО         (қолы)

2-нысан. Авторлық қадағалау журналдың бірінші парағы

Бас мердігер (мердігер)______________________________________________
                           (ұйымның атауы, пошталық мекенжайы)
Қосымша мердігер (жұмыстың бөлек түрлерін орындаушылар):
1)___________________________________________________________________
   (ұйымның атауы, пошталық мекенжайы, орындалатын жұмыстың атауы)
2)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3)________________________________________________________________________________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________

3-нысан. Авторлық қадағалау журналдың екінші парағы Авторлық қадағалау тобының құрамы

Т.А.Ә.

Лауазымы, жұмыс орны

Авторлық қадағалау жүргізетін жұмыс

Авторлық қадағалау тобының құрамына енгізілгені туралы бұйрықтың нөмірі мен күні

4-нысан. Авторлық қадағалау журналдың үшінші парағы Авторлық қадағалау тобы мүшелерінің объектіге баруын тіркеу
парағы

Т.А.Ә.

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Телефонның нөмері

Күні

келу

кету

5-нысан. Авторлық қадағалау журналының есепке алу парағы Есепке алу парағы № ____

Күні

Құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен қағидаттарын бұзғаны және жобадан ауытқудың анықталуы

Ауытқуды және (немесе) бұзушылықты түзету туралы нұсқау және талап етілетін орындалу мерзімі

Жобаны әзірлеушінің, авторлық қадағалау тобы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, жазба жазылған күн

Жазбамен танысқан лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, танысқан күні

Нұсқауды орындағаны туралы белгі (тегі аты, жөні, лауазымы, күні)

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырысберушінің өкілі

Авторлық қадағалау тобының мүшесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы  
№ 751 бұйрығына     
2-қосымша          

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы күші
жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. «Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 342 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11075 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланды).
      2. «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11083 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 маусымда жарияланды).
      3. «Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7866 болып тіркелді, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 3 қазанда № 336-337 (27155-27156), «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 3 қазанда № 642-647 (27719) жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады