Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12888 болып тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қаржы министрі

      ___________ Б.Сұлтанов

      2015 жылғы 18 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 18-03/1058 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру
мөлшерін айқындау әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.11.2018 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы айқындау әдістемесі:

      1) жануарларды заңсыз алу және (немесе) жануарларды абайсызда жою;

      2) балық және балық өнімдерін (сүбе) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау;

      3) жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау;

      4) егер осындай бұзушылық салдарынан жануарлар дүниесі объектілері мекендеу аумағынан (акваториясынан) біржолата (немесе уақытша) кетіп қалып, бұл олардың өлім-жітіміне ұшыратса, санының қысқаруын, олардың таралу өнімділігің азаюын, сондай-ақ жекелеген дарақтардың репродуктивтік функцияларының нашарлауына алып келетін болса, жануарлардың мекендеу ортасының бұзылуы немесе жойылуы салдарынан жануарлар дүниесіне келтірілген зиян мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолдану мақсатында әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 25.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жануарлар дүниесі объектілеріне келтірілген зиян мөлшерін есептеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.11.2018 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жануарлар дүниесі объектілеріне келтірілген зиян мөлшелерінің есебі:

      1) жануарларды заңсыз алу және (немесе) жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшерінің есептемесін;

      2) балық және балық өнімдерін (сүбе) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау;

      3) жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшерінің есептемесін;

      4) жануарлар дүниесінің бірнеше түрін заңсыз алу және (немесе) жануарлардың бірнеше түрін абайсызда жою салдарынан келтірілген жиынтық зиянның мөлшері жануарлар дүниесі объектілерінің әрбір түрінің барлық дарақтары жөнінде келтірілген зиян мөлшерінің есептемесін;

      5) жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшерінің есептемесін;

      6) егер осындай бұзушылық салдарынан жануарлар дүниесі объектілері мекендеу аумағынан (акваториясынан) біржолата (немесе уақытша) кетіп қалып, бұл оларды өлім-жітімге ұшыратса, санын қысқартса, сондай-ақ жекелеген дарақтардың репродуктивтік функцияларын нашарлатса, жануарлардың мекендеу ортасын бұзу немесе жою кезіндегі зиян мөлшерінің есептесін (бұдан әрі – жануарлар дүниесінің тіршілік ету ортасы бұзылған немесе жойылған кездегі зиян мөлшерін есептеу) қамтиды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 25.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      У = Т x К x Ко х Кн х Кк х Кв х N,

      мұнда:

      У – айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК) айқындалатын жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері;

      Т – АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ немесе килограмм (балық бойынша) үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;

      К, Ко, Кн, Кк, Кв - осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;

      N – жануарлар дүниесі объектілерінің нақты түрі дарақтарының немесе килограмының (балық бойынша) мөлшері.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.11.2018 № 453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Балықты және оның өнімдерін (сүбе) немесе жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      У = Т x Кд x N, мұнда:

      У - балықты және оның өнімдерін (сүбе) немесе жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері (АЕК);

      Т - АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ немесе килограмм (балық және оның өнімдері бойынша) үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;

      Кд - осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;

      N - жануарлар дериваттарының саны (дана) немесе балық, олардың уылдырығы және өнімдерінің басқа түрлерінің салмағы (килограмм).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 25.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жануарлар дүниесінің бірнеше түрін заңсыз алу және (немесе) жануарлардың бірнеше түрін абайсызда жою салдарынан келтірілген жиынтық зиянның мөлшері жануарлар дүниесі объектілерінің әрбір түрінің барлық дарақтары жөнінде келтірілген зиян сомасы ретінде мына формула бойынша есептеледі:

      Ус = (Т1 x К1 x Ко х Кн х Кк х Кв х N1) + (Т2 x К2 х Ко х Кн х Кк х Кв х N2), мұнда:

      Ус – жануарлар дүниесі объектілерінің әрбір түрінің барлық дарақтарын заңсыз алу немесе жануарлар дүниесі объектілерінің әрбір түрінің барлық дарақтарын абайсызда жою салдарынан келтірілген жиынтық зиянның мөлшері (АЕК);

      Т1, Т2 - АЕК-пен айқындалатын жануардың нақты түрінің әрбір дарағы үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;

      К1, К2 - осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген жануардың әрбір нақты түріне арналған есептеу коэффициентінің мәні;

      Ко, Кн, Кк, Кв - осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттері;

      N1, N2, - жануардың нақты түрі дарақтарының саны.

      6. Жануардың нақты түрінің дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген жиынтық зиянның мөлшері жануарлар дүниесі объектілерінің әрбір түрі жөніндегі зиян сомасы ретінде мына формула бойынша есептеледі:

      Усд = (Т1 x Кд x Ко х N1) + (Т2 x Кд x Ко х N2), мұнда:

      Усд - жануарлар дүниесі объектілері әрбір түрінің дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген жиынтық зиянның мөлшері (АEК);

      Т1, Т2 - АЕК-пен айқындалатын жануардың нақты түрінің әрбір дарағы үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;

      Кд - осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген жануардың әрбір нақты түрі үшін қайта есептеу коэффициентінің мәні;

      Ко – ерекше қорғалатын табиғи аумақта;

      N1, N2, - жануардың нақты түрі дарақтарының саны.

      7. Мекендеу ортасын бұзу немесе жою кезінде зиянның мөлшерін есептеу кезінде шекарасында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың мекендеу ортасын бұзу немесе жою салдарынан олардың түрлеріне зиян келтірілген аумақ (бұдан әрі – әсер ету аумағы) ескеріледі.

      8. Әсер ету аумағы:

      1) жануарлар дүниесі объектілерінің саны мен жылдық өнімділігінің 75%-дан 100% дейін азаюымен сипатталатын міндетті түрде өзгеру аумағына;

      2) жануарлар дүниесі объектілерінің саны мен жылдық өнімділігінің 50%-дан 75% дейін азайып, күшті әсер ету аумағына;

      3) жануарлар дүниесі объектілерінің саны мен жылдық өнімділігінің 25%-дан 50% дейін азайып, орташа әсер ету аумағына;

      4) жануарлар дүниесі объектілерінің саны мен жылдық өнімділігінің 0%-дан 25% дейін азайып, нашар әсер ету аумағына бөлінеді.

      9. Әсер ету аумағындағы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің саны немесе тығыздығы (тығыздық көрсеткіші) жануарлар дүниесі объектілері мен олардың мекендеу ортасы мониторингінің деректері негізінде айқындалады. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің мекендеу ортасына әсер ету деректер берілгеннен бұрын орын алған жағдайда ландшафтық және физика-географиялық сипаттамалары ұқсас аралас аумақтағы мониторингтің деректері пайдаланылады.

      10. Аң аулау объектілері болып табылатын жануардың әрбір түрін олжалаудың рұқсат етілетін көлемі (бұдан әрі- жануарлар түрлерін алу нормативі) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, уәкiлеттi органымен бекілетілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алу нормативтеріне сәйкес айқындалады.

      11. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің мекендеу ортасын бұзу немесе жою кезінде әсер ету аумағында бір түрге қатысты зиянның мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      У сом 1 турге=У н.т.+Ус.в.+Уу.в.+Усл.в., мұнда:

      Усом 1 турге - аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне әсер ету аумағында шаруашылық және өзге қызметтен келтірілген жиынтық зиян (АЕК);



      - еңсерілмес өзгеру аумағында аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне келтірілген зиян (АЕК);



      - күшті әсер ету аумағында аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне келтірілген зиян (АЕК);



      - орташа әсер ету аумағында аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне келтірілген зиян (АЕК);



      - нашар әсер ету аумағында аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бір түріне келтірілген зиян (АЕК);



      - тиісті әсер ету аумағында мекендейтін (белгіленіп отырған шаруашылық және өзге қызметтен болатын зиянның есептеме жүргізілмеген жағдайларда мекендеген) аң аулау объектісі болып табылатын жануардың бұл түрінің нақты саны (дарақтар);



      - жануарлар түрлерін алу нормативі (пайызбен);

      t (жыл)* - жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасының бұзылу немесе жойылу салдарынан оларға зиян келтірілетін кезең (бұдан әрі – әсер ету кезеңі).

      *Мерзімсіз әсер ету кезеңінде ұзақтығы 30 жыл әсер ету кезеңі қолданылады;

      Т – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 582-бабымен айқындалған Қазақстан Республикасында жануардың нақты түрін пайдалану үшін төлемақы ставкасы (АЕК);

      Шаруашылық және өзге қызметтен келтірілген әсер ету аумағы үшін қайта есептеу коэффициенттерінің мәні:

      0,75 – күшті әсер ету аумағы үшін қайта есептеу коэффициенті;

      0,5 - орташа әсер ету аумағы үшін қайта есептеу коэффициенті;

      0,25 - нашар әсер ету аумағы үшін қайта есептеу коэффициенті.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасы бұзылған немесе жойылған кезде оларға зиян келтірілген жағдайда осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген Ко қайта есептеу коэффициенті қолданылады.

      13. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің мекендеу ортасы бұзылған немесе жойылған кезде жануарлар дүниесі объектілеріне жиынтық зиянның мөлшері әсер ету аумағында мекендейтін (мекендеген) жануарлар дүниесі объектілерінің барлық түріне қатысты зиян сомасы ретінде мына формула бойынша есептеледі:

      У сом.= У сом. 1 түргесом. 2 түрге+ У сом. n түрге, мұнда:

      У сом - жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасы бұзылған немесе жойылған кездегі жиынтық зиян;

      У сом.= У сом. 1 түрге, Усом. 2 түрге, У сом. n түрге – жануарлар дүниесі объектілерінің 1-ші, 2-ші, n-ші түрінің мекендеу ортасы бұзылған немесе жойылған кездегі жиынтық зиян.

  Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы заңнамасын
бұзудан келтірілген зиянның
орнын толтыру мөлшерін
айқындау әдістемесіне
қосымша

Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 25.01.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жануарлар дүниесі объектілеріне зиян келтіруге түрткі болған мән-жайлар

Коэффициенттер мәні

1.

Жануарлар дүниесі объектілерін қасақана жою, оның ішінде:


1.1

Жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда)

Коэффициент "К" 1,5

1.2

Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу

Коэффициент "Ко" 3

2.

Жануарлар дүниесі объектілерін абайсызда жою

Коэффициент "Кн" 1,5

3.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына) енгізілген жануарлар дүниесі объектілерін немесе алуға тыйым салынған жануарларды жою

Коэффициент "Кк" 3

4.

Балықты және оның өнімдерін (сүбе) немесе жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау

Коэффициент "Кд" 1,5

5.

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде аң аулау объектілерінің қасақана немесе немқұрайлылықтан жойылуына (өлуіне) түрткі болған әрекет (әрекетсіздік)

Коэффициент "Кв" 1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады