Жарқайың ауданының Державин қаласы және ауылдық елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 5С-41/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 маусымда № 4817 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С-18/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.11.2021 № 7С-18/2 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.02.2018 № 6С-19/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "базалық" сөзі алынып тасталды, және барлық мәтін бойынша "жоғарылату", "төмендету", "жоғарылатылсын", "төмендетілсін", "ставкаларын", "ставкалары", "жоғарылатылмайды", "(төмендетілмейді)" сөздері "арттыру", "азайту", "арттырылсын", "азайтылсын", "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "арттырылмайды", "(азайтылмайды)" сөздеріне ауыстырылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.02.2018 № 6С-19/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.02.2018 № 6С-19/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Жарқайың ауданының Державин қаласы және ауылдық елді мекендері жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелері 1, 2 қосымшаларға сәйкес арттырылсын (азайтылсын).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Қ.Байжұманова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының
әкімі
А.Үйсімбаев

      04.05.2015

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитетінің Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Жарқайың
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
М.Мұстафин

      04.05.2015

  Жарқайың аудандық мәслихатының
2015 жылғы 4 мамырдағы № 5С-41/7
шешіміне 1 қосымша

Жарқайың ауданының Державин қаласы жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аймақтардың нөмірлері

жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-) пайыздары

I

+50

II

+40

III

+30

IV

+30

V

+30

VI

+20

VII

+10

VIII

+10

IX

+30

X

+30

XI

+20

XII

+20

XIII

+10

  Жарқайың аудандық мәслихатының
2015 жылғы 4 мамырдағы № 5С-41/7
шешіміне 2 қосымша

Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендері жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аймақтардың нөмірлері

жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-) пайыздары

І

+50

II

+50

III

+50

IV

+50

V

+50

VI

+30

VII

+30

VIII

+30

IX

+30

X

+30

XI

+20

XII

+20

XIII

+20

XIV

+20

XV

+10

XVI

+10

XVII

+10

XVIII *

0

XIX *

0

XX

-10

XXI

-10

XXII

-10

XXIII

-40

XXIV

-40

XXV

-50

XXVI

-50

XXVII

-50

XXVIII

-50

XXIX

-50

XXX

-50

XXXI

-50

XXXII

-50

      * көрсетілген аймақтарда жер салығының мөлшерлемелері арттырылмайды (азайтылмайды)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады