Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қазандағы № 19/2 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы № 37/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада № 5100 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 20.05.2016 № 3/8 (қол қойылғаннан кейін күшіне және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 29 қазандағы № 19/2 (Ақмола облысы Әділет департаментінде № 3890 тіркелген, 2013 жылы 6 желтоқсанда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасының 2-тарауының 9-тармағының 12-абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "аз қамтылған отбасылардан және халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге.";
      Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасының 2-тарауының 11-тармағының 1)-тармақшасы келесі мазмұндағы 6-абзацпен толықтырылсын:
      "жылдық оқу құнының мөлшеріндегі, Сандықтау ауданында жұмыс істеуін ескеріп Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аз қамтылған отбасыларынан халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге. Төлем аз қамтылған отбасылары санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатына жататынын растайтын анықтаманың, оқу орнынан берілген анықтаманың, оқу орнымен жасасқан шарттың көшірмесінің және аудан әкімдігі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт көшірмесі негізінде жүргізіледі.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
В.Эльвейн
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Исмағамбетов

      2015 жыл 11 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады