"Көктау селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2009 жылғы 27 шілдедегі № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 18 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда № 4471 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көктау селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 6 "Көктау селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-99 тіркелген, 2009 жылғы 03 қыркүйекте аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосында" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылында" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2. тармағына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысының мекенжай тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ережені бекіту туралы" № 255 қаулысына," сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Көктау ауылдық округінің әкімі

С.Бердалин

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады