Панфилов ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 тамыздағы № 699 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 04 қыркүйекте № 3386 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 16.01.2018 № 14 қаулысымен (алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1 тармақшасына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Панфилов ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Панфилов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі "Панфилов ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" №792 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылығы 20 тамыздағы № 2833 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2014 жылғы 30 тамыздағы № 36 (8722) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Жұмаханұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Құрбанов Шухрат Бурхандинұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы "Панфилов ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы № 699 қаулысына қосымша

Панфилов ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары орналасқан
елді-мекен атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атаулары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққандағы бір айдағы мөлшері (тенге)

Мектепке дейінгі ұйымдарында
ата-аналардың бір айға төлемақы мөлшері (тенге)


Мемлекеттік балабақшалар

1

Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылы

"Панфилов ауданы әкімдігінің "Қызғалдақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

18871

8000

2

Панфилов ауданы, Көктал ауылы

"Панфилов ауданы әкімдігінің "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

18327

8000

3

Панфилов ауданы, Үшарал ауылы

"Панфилов ауданы әкімдігінің "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

75

25958

7000

4

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

"Панфилов ауданы әкімдігінің "Таңшолпан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

240

19758

10000

5

Панфилов ауданы, Пенжім ауылы

"Панфилов ауданы әкімдігінің "Арай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

1240

19677

10000

6

Панфилов ауданы, Кішішыған ауылы

"Панфилов ауданы әкімдігінің "Шамшырақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

20934

8000

7

Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылы

"Панфилов ауданы әкімдігінің "Шұғыла" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

120

22354

8000

8

Панфилов ауданы, Пенжім ауылы

"Панфилов ауданы әкімдігінің "Бөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

60

27881
 

8000
 


Жеке меншік балабақшалар

1

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

"Балбөбек" жеке меншік балабақшасы

25

40957

      8000

2

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

"Мирас" жеке меншік балабақшасы

75

18067

10000

3

Панфилов ауданы, Қырыққұдық ауылы

"Әлібек" жеке меншік балабақшасы

25

32553

8000

4

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

"Ханшайым" жеке меншік балабақшасы

25

33083

8000

5

Панфилов ауданы, Басқұншы ауылы

"Аружан" жеке меншік балабақшасы

25

33143

8000

6

Панфилов ауданы, Пенжім ауылы

"Бота" жеке меншік
балабақшасы

50

19840

8000
 

7

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

"Шыңғыс" жеке меншік балабақшасы

25

32887

8000
 


Мектепке дейінгі шағын орталықтар

1

Панфилов ауданы, Головацкий ауылы

"Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

30

7788

7000

2

Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы

"Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжазық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

30

7788

6000

3

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

"Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Назым атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

7788

7200

4

Панфилов ауданы, Лесновка ауылы

"Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Д.Рақышев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

7788

6000

5

Панфилов ауданы, Ынталы ауылы

"Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аманбайұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

7788

6000

6

Панфилов ауданы, Қорғас ауылы
 

"Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қорғас атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

7788

7000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады