Жамбыл облысы Шу ауданы Дулат селолық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 277 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-10 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 2909 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қойайдар" жер қорынан жалпы көлемі 1 317,0 гектар жайылымдық жер учаскелерін қосу жолымен Жамбыл облысы Шу ауданы Дулат селолық округінің әкімшілік шекарасы (шегі) қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс Әкімі К. Көкрекбаев
      Облыстық мәслихаттың сессиясының төрағасы А. Еділбаев
      Облыстық мәслихаттың Б. Қарашолақов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 277 қаулысы мен
Жамбыл облысы мәслихатының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 43-10 шешіміне қосымша

Жамбыл облысы Шу ауданы Дулат селолық округі әкімшілік шекарасы жерлерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ


Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы жер көлемі (гектар)

Оның ішінде

барлығы ауыл шшаруашылық алқаптары (гектар)

оның ішінде

бөгде жер (гектар)

егістік

көпжылдық екпелер (гектар)

Жайлымдық (гектар)

барлығы (гектар)

суармалы егістік (гектар)

1
Жер балансы бойынша Дулат селолық округінің жер көлемі
2559
2188
124
124
2
2062
371
2
"Қойайдар" жер қоры
1 317
1317
 
 
 
1317
 
3
Дулат селолық округінің шегі өзгертілгеннен кейінгі жер көлемі
3876
3505
124
124
2
3379
371

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады