Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі Қызылқайнар ауылы көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар әкімінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 14 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 2548 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылқайнар ауылдық округі Қызылқайнар ауылының төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Жаңа көшесі – Ақжар;
      Виноградная көшесі – Дегерес;
      Интернациональная көшесі – Діңгек;
      Космонавтов көшесі – Сарыбұлақ;
      Строительная көшесі – Қарасай.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізушісі Аманбаев Есимжан Айтбаевичке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі М. Юсупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады