Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 42/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4986 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 164-26/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 08.06.2018 № 16426/11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 20 (жиырма) пайыз жоғарылатылсын.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
      кезектен тыс ХХХХІІ
      сессиясының төрайымы А. ЕРЕЖЕЕВА
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік
      кірістер комитеті Қызылорда
      облысы бойынша Мемлекеттік
      кірістер департаментінің
      Қызылорда қаласы бойынша
      Мемлекеттік кірістер басқармасы"
      Республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Қ.Ысқақов ________________
      "16" сәуір 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады