Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабының 1тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6бабының 1-13) тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Қызылорда қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 504, 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерiнен 20 (жиырма) пайыз жоғарылатылсын.
2. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 42/5 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4986 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырда "Ақмешіт ақшамы" №40-41, "Кызылорда таймс" №21 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап олданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.