Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 17/113 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу ұшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 30/214 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 2631 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 56/453 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/304 Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2567 болып тіркелген) сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 17/113 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 2298 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қазандағы № 40 "Рауан" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру туралы";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға, әлеуметтік көмек Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде жылына бір рет әлеуметтік көмек беріледі.

      Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жылына бір рет 12100 (он екі мың бір жүз) теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.".

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (М.Тоқназаров) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


Аудандық мәслихат


хатшысы

А.Ұлұқбанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Б.Әзірханов

      16 ақпан 2015 жыл

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Өмірбеков

      16 ақпан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады