"Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 51-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 165-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 2791 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 7-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 51-қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2681 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2015 жылы 24 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасына:

      6, 7 бөлімдеріне қатысты бөліктері жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      "7. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі

      1. Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".

      2. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (З. Сарибасова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау ішкі саясат және тілдерді дамыту саласына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е.Әбілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады