2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 202 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 5767 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылғы 16 шілдеден бастап 20 шілдеге дейін субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.С. Саринге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Исмағұлов

Әкімдіктің        
2015 жылғы 17 шілдедегі 
№ 202 қаулысына қосымша 

2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жаздық бидай

Күздік бидай

15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін
25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан бастап 05 маусымға дейін

3

Сұлы

Арпа

Тары

Қарақұмық

15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін
15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

4

Күздік қара бидай

25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін

5

Дәнді-бұршақты дақылдар

15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін

6

Күнбағыс

10 мамырдан бастап 05 маусымға дейін

7

Рапс

20 мамырдан бастап 08 маусымға дейін

8

Зығыр

12 мамырдан бастап 05 маусымға дейін

9

Мақсары

10 мамырдан бастап 02 маусымға дейін

10

Қыша

22 мамырдан бастап 08 маусымға дейін

11

Арыш

жаздық 18 мамырдан бастап 08 маусымға дейін,
күздік – 25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін

12

Қытайбұршақ

18 мамырдан бастап 05 маусымға дейін

13

Картоп

05 мамырдан бастап 10 маусымға дейін;
(тамшылатып суару 05 мамырдан бастап 10 маусымға дейін)

14

Көкөністер

25 сәуірден бастап 15 маусымға дейін;
тамшылатып суару 25 сәуірден бастап 15 маусымға дейін;
барлық жылыжайлар типтері бойынша қорғалған топырақ жағдайында 10 наурыздан бастап 30 наурызға дейін

15

Бақша дақылдары

25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін

16

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

15 мамырдан бастап 05 маусымға дейін

17

Сүрлемдік жүгері

15 мамырдан бастап 05 маусымға дейін (суару)

18

Жемшөптік дақылдар оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

бірінші мерзім – 01 мамырдан бастап 10 маусымға дейін,
екінші мерзім – 05 маусымнан бастап 31 тамызға дейін

19

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер

бірінші мерзім 01 мамырдан бастап 10 маусымға дейін,
екінші мерзім - 05 шілдеден бастап 31 тамызға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады