Қостанай ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 297 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 мамырда № 5620 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 8 ақпандағы № 376 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 08.02.2016 № 376 шешімімен (қабылданған күннен кейін қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қостанай ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
       2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Кезектен тыс сессияның
      төрағасы, Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы

А. Досжанов



Мәслихаттың
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 297 шешіміне қосымша

Қостанай ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары

Елді мекендердің атаулары

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары

1

Александров ауылдық округі

Александров ауылы Школьная көшесіндегі алаң

2

Белозер ауылдық округі

Белозер ауылы Калинин көшесі 24, алаң

3

Борис-Романов ауылы

Борис-Романов ауылы Молодежная көшесі 9, алаң

4

Владимиров ауылдық округі

Владимиров ауылы Школьная көшесіндегі алаң

5

Воскресенов ауылы

Воскресенов ауылы Ленин көшесі 51, алаң

6

Глазунов ауылдық округі

Глазунов ауылы Школьная көшесі 4, орталық алаң

7

Жамбыл ауылдық округі

Жамбыл ауылы Центральная көшесіндегі орталық алаң

8

Жданов ауылдық округі

Жданов ауылы Алтынсарин көшесі 18А, алаң

9

Заречный ауылдық округі

Заречный ауылы Юбилейная көшесі 12, алаң

10

Затобол кенті

Затобол кенті Калинин көшесі 65, алаң

11

Майкөл ауылдық округі

Майкөл ауылы 30 лет Победы көшесіндегі алаң

12

Мичурин ауылдық округі

Мичурин ауылы Школьная көшесіндегі алаң

13

Мәскеу ауылдық округі

Мәскеу ауылы Октябрьская және Ленин көшелерінің қиылысындағы орталық алаң

14

Надеждин ауылдық округі

Надеждин ауылы Ленин көшесіндегі орталық алаң

15

Озерный ауылы

Озерный ауылы Ленин көшесіндегі алаң

16

Октябрь ауылдық округі

Октябрь ауылы Дорожная және Ленинградская көшелерінің қиылысындағы орталық алаң

17

Половников ауылдық округі

Половников ауылы Ленин көшесі 56, алаң

18

Садчиков ауылдық округі

Садчиков ауылы Ленин көшесі 189, алаң

19

Ульянов ауылдық округі

Ульянов ауылы Ленин көшесіндегі алаң

20

Шишкин ауылдық округі

Шишкин ауылы Ленин көшесіндегі алаң

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады