Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы" № 01 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы N 01 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 ақпанда N 1131 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 12.04.2019 № 03 (ресми жарияланған күннен бастап, он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Алматы қаласына елді мекендердің қосылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасында сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 36 бабының, 2 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы" шешімінің қосымшасына (2014 жылдың 23 сәуірінде № 1028 Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркелген, 2014 жылдың 29 сәуірінде № 49-51 "Алматы Ақшамы" және 2014 жылдың 29 сәуірінде № 49-51 "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

      3. Осы шешім ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.С. Садвақасоваға жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласы


Жетісу ауданының әкімі

Т. Разақов


  Алматы қаласы Жетісу
ауданы әкімінің 2015 жылғы
25 ақпандағы № 01 шешімінің қосымшасы

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша
өзгертілген сайлау учаскелері

      № 322 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы Автомеханикалық колледжі, Қазыбаев көшесі 270, телефон 385-57-90

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Серіков көшесімен оңтүстікке қарай Ангарск көшесінің шығыс жағымен, одан ары Дорожник ықшам ауданының шекарасын бойлай Сұлтан өзеніне дейін; Сұлтан өзенін бойлай отырып, Құлагер ықшам ауданы № 55, 58, 59, 34, 35, 36 – үйлерін жағалай Омаров көшесіндегі № 95 және Серіков көшесіндегі № 29 үйлердің арасымен Серіков көшесіндегі № 29, 27, 25 үйлерде жағалай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен Серіков көшесіндегі № 19 және № 15 үйлер арасынан өтетін жолға дейін; одан ары үлкен жолды жағалай батысқа қарай Серіков көшесі № 13 және 15 үйлер арқылы Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен батысқа ақрай оңтүстік жағымен Серіков көшесіне дейін; Серіков көшесімен батысқа қарай Ангарская көшесіне дейін; Серіков көшесіндегі № 19, 23, 31, 35 үйлерді қоспағанда.

      № 346 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 101 жалпы білім беретін мектеп, Жансүгіров көшесі 352, телефон 384-94-97

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Сұлтан өзенінен бастап Боралдай көшесімен оңтүстікке қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінің батыс жағымен Великолукская көшесі № 51 үйге дейін; Великолукская көшесімен батысқа қарай солтүстік жағымен Хожамьяров көшесі № 67 үйге дейін; Хожамьяров көшесімен № 97А, 115, үйлерін қоса алғанда Палладин көшесі № 136Е үйге дейін; Палладин көшесімен Айнабұлақ-3 ықшам ауданының шығыс шекарасына дейін; "Айнабұлақ-3" ықшам ауданының шекарасымен солтүстікке қарай Ермолова көшесіне дейін; Ермолова көшесінің батыс жағымен Мещерский көшесіне дейін; Мещерский көшесінің бойымен Павлодар көшесіне дейін; Павлодар көшесінің шығыс жағымен № 93 үйге дейін, әрі шығысқа қарай Ермолова көшесіне дейін; Ермолова көшесінің батыс жағымен № 32 үйге дейін, әрі оңтүстік-шығысқа қарай Боралдай көшесінің № 93Д үйін қоса алғанда № 167А үйге дейін; Боралдай көшесінің № 167, 165, 163, 161 үйлерін бойлай Сұлтан өзенінің қиылысымен Боралдай көшесіне дейін.

      № 347 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 101 жалпы білім беретін мектеп, Жансүгіров көшесі 352, телефон 384-95-05

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Жансүгіров көшесі № 352 үйден бастап батысқа қарай Великолукская көшесімен оң түстік жағымен батысқа Хожамьяров көшесінің № 145 үй арқылы саймен Палладин көшесі № 108 үйге дейін; Палладин көшесінің шығыс жағымен Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесі бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай № 150, 148 және 150Б, 146А үйлерінің шекарасын бойлай оңтүстік жаққа қарай Беспақов Мұқатай көшесіне дейін; Беспақов Мұқатай көшесі бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесі № 1 және № 39 (тақ жағымен) шығысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінің бойымен батыс қарай № 380 үйіне дейін.

      № 350 сайлау учаскесі

      Орталығы: АҚ "Серт", Қазыбаев көшесі 272А, телефон 384-18-03

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Сұлтан өзенінен Жансүгіров көшесінің батыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Құлагер ықшам ауданының № 12, 13 үйлер арасымен жолға дейін; ары қарай Құлагер ықшам ауданындағы № 4 үйді бойлай Серіков көшесімен № 33А, № 39, № 13, № 11 үйлерімен Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен солтүстікке қарай Сұлтан өзенінің қиылысына дейін; Рысқұлов даңғылы № 35 үйді қоспағанда, Серіков көшесі № 19,23, 31, 35 үйлерді қоса алғанда.

      № 354 сайлау учаскесі

      Орталығы: № 148 мектеп гимназиясы, "Құлагер" ықшам ауданы, телефон 239-98-90

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Жансүгіров көшесінің № 256 үйінен бастап, ипподромның оңтүстік-батыс бойымен Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен оңтүстікке қарай № 91А үйіне дейін; № 91, 93, 95, 99 үйлер бойымен "Құлагер" ықшам ауданы өткелімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Сұлтан өзеніне дейін; Сұлтан өзенімен солтүстікке қарай Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай № 150, 148 және № 150Б, 146А участок шекаларымен оңтүстікке қарай Беспаков Мұқатай көшесіне дейін, Беспаков Мұқатай көшесімен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесінің оңтүстік жағымен Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінің батыс жағымен № 256 үйіне дейін.

      № 496 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Балапан 2013" бала бақшасы, Первомайский ықшам ауданы, Вокзальная көшесі 42в, телефон: 260-34-26

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Первомайский ықшам ауданы шекарасында: Солнечный көшесі № 1-5, Октябрский көшесі № 1-13, Перекрестная көшесі № 4-10, Строительный көшесі № 1-7, Ключевая көшесі № 1-19, Капчагайская көшесі № 1-30, Космонавтов көшесі № 1-21, Жетісу көшесі № 1-31 (тақ жағы), № 2-26 (жұп жағы), Космическый көшесі № 1-31, Юность көшесі №1-46, № 46а, Механический көшесі № 1-12, Веселая көшесі № 1-17, Вокзальная көшесі № 1-35(тақ жағы), № 2-38 (жұп жағы), Гамерник көшесі № 1-9, Болашақ ш.а № 1-30, Птицевод.

      № 497 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Мәдениет үйі", Первомайский ықшам ауданы, Вокзальная көшесі 125, телефон: 260-34-26

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Первомайский ықшам ауданы шекарасында: Кавказская көшесі № 1-17, Маметова көшесі № 1-23, Национальная көшесі № 1-36, Овражная көшесі № 1-24, Заречная № 1-79, № 79а, Интернациональная көшесі № 1-51, № 51а, Центральная № 1-164, Набережная көшесі № 1-70, Молодежная № 1-75, Жамбыл көшесі № 1-26, Зеленая № 1-34, Парковая № 1-21, Юбилейная көшесі № 1-8, № 8а, Степная көшесі № 1-19, Тұйық көшелер: Садовый көшесі № 1-17, Новый көшесі № 1-14.

      № 498 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 163 орта мектеп", Первомайский ықшам ауданы, Молодежная көшесі 54, телефон: 260-34-26

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Первомайский ықшам ауданы шекарасында: Жетысу көшесі № 33-221, Молдагулова көшесі № 1-184, Космическая көшесі № 32-86 (жұп жағы), № 33-47 (тақ жағы): Логовая көшесі № 1-208, Вокзальная көшесі № 37-215, (тақ жағы) № 40-204 (жұп жағы), Школьная көшесі №1-16, 15. № 15а, № 17, № 18,19-25, Ворошилова көшесі № 1-15, пушкин көшесі № 6-18, Береговая көшесі № 1-29, Щорс көшесі № 1-20, Тұйық көше: Мир көшесі № 1-6.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады