Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда N 3097 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы N 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 23.02.2015 N 11 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, көп жауын-шашын жауғандықтан қалыптасқан жағдайға байланысты, бұл көктем кезеңінде елді мекендерді су басып қалуы мүмкін, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі Нарынгүл ауылының, Құртай ауылдық округі Ракитное ауылының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындаған тиісті іс-шаралар жүргізу жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Базарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады