"Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстың әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 362 қаулысы. Оңтңстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 3500 болып тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                 Б.Атамқұлов

      Д.Сатыбалды      С.Қаныбеков      А.Абдуллаев
      Б.Жылқышиев      Е.Садыр
      Е.Айтаханов      С.Тұяқбаев

Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы «3» желтоқсандағы
№ 362 қаулысына
қосымша

«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Басқарма) ұсынылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің;
      2) мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шығындарын құнын толықтау өтеуге арналған, көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды кейіннен аудару үшін төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398 бұйрығымен бекітілген «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (әрі қарай – Стандарт1-қосымшаға сәйкес өтініш және Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды беруі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі- Бөлім) субсидия алуға өтінім ұсынады;
      2) комиссия өтінімдерді қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығымен бекітілген Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны алушылардың тізбесін (бұдан әрі – Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе) қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне бекітуге жіберді;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбені Бөлімнен алғаннан кейін, оны 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітеді;
      4) бөлім Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе бекітілгеннен кейін, оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде Басқармаға береді;
      5) басқарма Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай сабақтас іс қимылдарды жүзеге асырады:
      - субсидиялар төлеу үшін Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызыметтердің жиынтық актісін жасайды және бекітеді;
      - Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості қалыптастырады және бекітеді;
      6) Басқарма тиісті жиынтық актіні бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне қағаз түрінде берген кезде 2 (екі) данада төлем шоттары тізілімін және төлем шотын ұсынады, ал төлем шотын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттары тізілімі ұсынылмайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) Бөлім;
      2) комиссия;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі;
      4) Басқарма.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет

«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына
арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес процестерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті алушы

комиссия

Аудан (қала) әкімдігі

Бөлім

Басқарма

1

2

3

4

5

Бөлімге субсидия алуға өтінім ұсынады

Комиссия өтінімдерді қабылдағаннан кейін 3 (үш ) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №  4-1/167 бұйрығымен бекітілген «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағиданың (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидияны алушылардың тізбесін (бұдан әрі – Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе) қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне бекітуге жіберді

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбені Бөлімнен алғаннан кейін, оны 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітеді

Бөлім Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе бекітілгеннен кейін, оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде Басқармаға береді

Басқарма Аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай сабақтас іс қимылдарды жүзеге асырады:

- субсидиялар төлеу үшін Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызыметтердің жиынтық актісін жасайды және бекітеді;

- Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості қалыптастырады және бекітеді.

7

Басқарма тиісті жиынтық актіні бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне қағаз түрінде берген кезде 2 (екі) данада төлем шоттары тізілімін және төлем шотын ұсынады, ал төлем шотын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттары тізілімі ұсынылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады