""Б" корпусындағы Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 44/305-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 46/321-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қазанда № 3369 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50/349-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 22.01.2016 № 50/349-V шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 44/305-V ««Б» корпусындағы Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3272 тіркелген, 2015 жылы 07 тамызда «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген орыс тіліндегі «Б» корпусындағы Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесінің 13 тармағына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       М.Тұранов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М.Момынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады