Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 147 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 3942 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.01.2016 № 14 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 84 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3802 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
Н. Ноғаев

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ____________А. С. Мамытбеков
      "12" 06. 2015 ж.

 
2015 жылғы 16 маусымдағы
№ 147 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша
 
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидия көлемі
Субсидия сомасы, мың теңге
Ірі қара мал шаруашылығы
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
2 695,6
28 945
78 023
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу
 
 
1)
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы
бас
18 000
109 095
1 963 718
2)
Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас
20 000
12 754
255 080
3)
Жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
бас
104 000
483
50 232
2.
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
1)
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас
154 000
2 845
437 990
2)
Импортталған селекциялық ірі қара мал
бас
118 000
2 150
253 758
3.
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату
2 458 880
549 934
1)
1-деңгей
кг
300
1 520 230
456 069
2)
3-деңгей
кг
100
938 650
93 865
4.
Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу
бас
24 000
7 000
168 000
 
Барлық сомасы
3 756 735
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
 
 
1)
Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас
20 000
850
17 000
2
Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу
 
 
1)
Импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан)
бас
118 000
100
11 800
3.
Сүт өндірісінің құнын арзандату
2 975 000
54 125
1)
1-деңгей
кг
25
1 625 000
40 625
2)
3-деңгей
кг
10
1 350 000
13 500
 
Барлық сомасы
82 925
Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату
1)
2-деңгей
дана
2,6
113 100 000
294 060
 
Барлық сомасы
294 060
Шошқа шаруашылығы
 
 
1.
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату
кг
98
1 000 000
98 000
 
Барлық сомасы
98 000
Қой шаруашылығы
1
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу
107 098
160 647
1)
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы
бас
1 500
91 766
137 649
2)
Асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы
бас
1 500
15 332
22 998
2
Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
бас
8 000
3 791
30 328
3
Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату:
235 765
37 153
 
1-деңгей
кг
200
135 765
27 153
 
2-деңгей
кг
100
100 000
10 000
 
Барлық сомасы
228 128
Жылқы шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
бас
40 000
409
16 360
2.
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
кг
60
83 000
4 980
3.
Жылқы өндірісінің құнын арзандату
кг
92
400 000
36 800
 
Барлық сомасы
 
 
 
58 140
 
Барлығы
 
 
 
4 517 988

       Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
      кг – килограмм.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады