Бөрлі ауданы Қарағанды ауылдық округі Киров ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Қарағанды ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 қыркүйекте № 4027 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Киров ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарағанды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Қарағанды ауылдық округі Киров ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Степная" көшесі – "Атамекен" көшесі;
      "Буденного" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Чапаев" көшесі – "Халықтар Достығы" көшесі;
      "Киров" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "Плясункова" көшесі – "Ақжол" көшесі;
      "Крупская" көшесі – "Абай" көшесі;
      "Коммунистическая" көшесі – "Ақжайық" көшесі;
      "Речная" көшесі – "Жағалау" көшесі;
      "Почтовая" көшесі – "Мәңгілік ел" көшесі;
      "Больничная" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Колхозная" көшесі" – "Бірлік" көшесі;
      "Комсомольская" көшесі – "Желтоқсан" көшесі;
      "Казахстанская" көшесі – "Қазақстан" көшесі;
      "Карагандинская" көшесі – "Қарағанды" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Қарағанды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б. Сагидулина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарағанды ауылдық
      округінің әкімі Д. Акмамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады