Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 89 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13390 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 32 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 68 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 09.02.2017 № 32 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.02.2017 № 68 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 86-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берілген:

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың, қызмет этикасының және мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру парақтарының нысандарын және мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 203 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 506 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11852 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің мемлекеттік қызметтер департаменті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімде баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері министрі Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Донақов

Қазақстан Республикасының
_______________ Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      _________________С. Айтпаева

      2016 жылғы " " _____________



  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2016 жылғы 11 ақпандағы № 32
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы № 89
бірлескен бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы
бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың және аталған салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081 қбпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі туралы ережесіне сәйкес тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел тобына жатқызу мәселесін шешу үшін әзірленген.

      2. Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тәуекел – мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы;

      2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – салалық даму ерекшеліктері мен олардың дамуына әсер ететін факторларды ескере отырып, тексерілетін субъектілердің тікелей қызметімен байланысты, әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

      5) тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар.

      3. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша анықтау объективті және субъективті критерийлер, тәукеле дәрежелерін бағалау арқылы анықталады.

      4. Объективті критерийлер бойынша барлық тексерілетін субъектілер алғашқыда жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      6. Іріктеп тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс.

      7. Субъективтік критерийлер мынадай ақпарат көздері:

      1) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтар аурлығының дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парағында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді.

      2) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен мемлекеттік қызметтердің сапасына расталған шағымдар мен арыздардың болуы;

      3) тексерілетін субъектілер ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      4) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;

      5) сұраныс бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді, есептік ақпаратты талдау нәтижелері негізінде анықталады.

      8. Субъектівті критерийлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамасының негізінде әзірленіп, тексеру парақтарында атап өтілген, олар үш дәрежеге бөлінген: өрескел, елеулі және елеусіз.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды өрескел, елеулі және елеусіз дәрежеге бөлу осы Критерийлердің қосымшасында келтірілген.

      Өрескел бұзушылық – көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің татымды бұзылуына алып келуі мүмкін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптардың бұзушылығы, атап айтқанда:

      Қазақстан Республикасының заңдарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді ақылы негізде көрсету;

      көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұрату;

      мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну;

      көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартымен көзделген жұмыс мерзімін сақтамау;

      мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздердің болмауы;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген, соның ішінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның "Мониторинг" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде көрсетілген қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау;

      көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарамау;

      көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау нәтижелері туралы хабардар етпеу;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бір және одан да көп негізді шағымдардың болуы;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерді ұсынбау;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша дұрыс және (немесе) толық есептік мәліметтердің ұсынбау;

      "мемлекеттік қызметтер көрсету" бағыты бойынша мемлекеттік органның жыл сайынғы тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша тиімсіз қызметті көрсету;

      көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдаудың болмауы.

      Елеулі бұзушылық – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптардың келесі бұзушылығымен байланысты:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың тәртібі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның талаптарына сәйкестігі;

      мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтауды қамтамасыз етілмеуі;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандарты мен регламентінің болмауы;

      көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік коғамында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын орналастыру бойынша талапты сақтамау;

      мемлекеттік қызметтің стандартын өзгерту, толықтыру және күшін жою тәртібін сақтамау;

      мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлардың болмауы;

      көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпаратты ұсынбау;

      мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретпеу;

      мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етпеу;

      көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар етпеу;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастыру бойынша талапты сақтамау;

      көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұрату фактілердің болуы;

      көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтамау;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдамау;

      көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдардын қарау мерзімдерін сақтамау;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылуының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдардың болуы;

      тексерілетін субъектінің интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілген бақылау нәтижелерін орналастырмау;

      "электрондық үкімет" веб-порталында, тексерілетін субъектілердің интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырмау;

      мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына келіп түскен шағымды қарау мерзімдері негізсіз ұзартуы;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерді заңнамамен белгіленген мерзімінде ұсынбау;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу бойынша жұмыстың болмау;

      мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын қажетті ақпарат олардың интернет-ресурстарында болмаған ақпаратты ұсынбау.

      Елеусіз бұзушылық – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптардың келесі бұзушылығымен белгіленген:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген немесе өзгертілгеннен кейін оның көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру мерзімдерін сақтамау;

      мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтамау;

      көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізбеу;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есебін орналастырмау;

      бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы жөнінде теріс ақпараттың болуы.

      9. Осы Критерийлердің 7-тармағында белгіленген ақпарат көздері негізінде осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес субъективтік критерийлер белгіленеді.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесі–60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру, жоспардан тыс тексеру және басқа бақылау нысандары жүргізіледі;

      2) жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесі – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді, жоспардан тыс тексеру және басқа бақылау нысандары жүргізіледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған индикаторлардың үлестік салмағы анықталады.

      Өрескел дәрежесінің талабы орындалмауының бірі 100 көрсеткішіне теңеледі.

      Өрескел дәрежесінің индикаторы анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежелердегі индикаторлар сомасының көрсеткіші есептеледі.

      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау үшін

      0,7 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш келесі формула бойынша саналады:




Рз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – тексерілетін субъектіге тексеруге (талдауға) талап етілетін елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішінің жалпы саны;

Р2 – бұзылған елеулі дәрежедегі индикаторлардың саны.

      Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау үшін

      0,3 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш келесі формула бойынша саналады:




Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – тексерілетін субъектіге тексеруге (талдауға) талап етілетін елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішінің жалпы саны;

Р2 – бұзылған елеусіз дәрежедегі индикаторлардың саны.

      Жалпы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (УР) 0-ден 100-ге дейінгі өлшем бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу арқылы келесі формула бойынша анықталады:




Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Рз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші санау кезінде Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексерілетін субъектілер тәуекел дәрежесінің субъективтік критерийлердің 1, 2, 3, 4 және 48-тармақтарында көрсетілген критерийлер есепке алынбайды.

      10. Іріктеп тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға қалыптастыратын іріктеп тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.

      11. Іріктеп тексерулердің тізімдері:

      1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдығын;

      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.

      12. Әр тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру бойынша тексеру парағының, анықталған бұзушылықтар мен оларды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша енгізілген ұсыныстардың көшірмелері, тексеру нәтижелері және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың талаптарын орындау туралы ақпарат тігілетін арнайы папка жүгізіледі.

  Мемлекеттік қызметтер көрсету
саласындағы заңнаманың сақталуы
бойынша тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың
сақталуы бойынша тексерілетін субъектілер тәуекел
дәрежесінің субъективтік критерийлер

Критерийлер

Бұзушылық ауырлығының дәрежесі

Бұрынғы тексерулер нәтижелері бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған кезде белгіленеді)

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың тәртібі Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның талаптарына сәйкес болу

Елеулі

2

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтау

Елеулі

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартының болуы

Елеулі

4

Мемлекеттік қызметтің стандартын өзгерту, толықтыру және күшін жою тәртібін сақтау

Елеулі

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген немесе өзгертілгеннен кейін оның көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру мерзімдерін сақтау

Елеусіз

6

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлардың болу

Елеулі

7

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпаратты ұсыну

Елеулі

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету

Елеулі

9

Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтау

Елеусіз

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген регламентінің болуы

Елеулі

11

Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік коғамында және оның филиалдарында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік қызметтердің стандарттарын орналастыру бойынша талапты сақтау

Елеулі

12

Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету

Елеулі

13

Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету

Елеулі

14

Қазақстан Республикасының заңдарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді тегін негізде көрсету

Өрескел

15

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастыру бойынша талапты сақтау

Елеулі

16

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұрату фактілердің болмауы

Елеулі

17

Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұрату фактілердің болмауы

Өрескел

18

Мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну фактілердің болмауы

Өрескел

19

Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартымен көзделген жұмыс мерзімін сақтау

Өрескел

20

Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау

Елеулі

21

Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздердің болуы

Өрескел

22

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтау

Өрескел

23

Көрсетілетін қызметті берушілермен көрсетілетін қызметті алушыларды шағымдарды қарау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген мерзімдерде уақытылы хабардар ету

Өрескел

24

Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына келіп түскен шағымды қарау мерзімдері Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте ұзартылған жағдайда оның ұзартудың негізділігі

Елеулі

25

Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдаудың болуы

Өрескел

26

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтеру туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу бойынша жұмыстың болуы

Елеулі

27

Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу

Елеусіз

28

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау

Елеулі

29

Бұрын жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды қайталау

Өрескел

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына жеке және заңды тұлғалардан түскен нагізді шағымдардың болуы

30

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жеке және заңды тұлғалардан түскен бір және одан да көп негізді шағымдардың болуы

Өрескел

31

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, көрсетілетін қызмет берушілердің, Мемлекеттік корпорацияның мекен-жайларына түскен көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдардын қарау мерзімдерін сақтамау

Елеулі

32

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жөнінде негізді шағымдардың немесе өтініштің болуы

Өрескел

33

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттар тізімінде көзделмеген құжаттарды сұрату жөнінде негізді шағымдардың немесе өтініштің болуы

Өрескел

34

Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдану фактілерінің болуы

Өрескел

Тексерілетін субъектілермен ұсынылатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын есептер мен мәліметтерге жүргізілетін мониторинг нәтижесі бойынша

35

Тексерілетін субъектілермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерді заңнамамен белгіленген мерзімінде ұсынуды қамтамасыз етпеу

Елеулі

36

Тексерілетін субъектілермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етпеу

Өрескел

37

Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылуының болуы

Елеулі

38

Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдардың болуы

Елеулі

39

Тексерілетін субъектілермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша дұрыс және (немесе) толық есептік мәліметтердің ұсынбау

Өрескел

Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау бойынша

40

Тексерілетін субъектінің интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілген бақылау нәтижелерін орналастырмау

Елеулі

41

"Электрондық үкімет" веб-порталында, тексерілетін субъектілердің интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастырмау

Елеулі

42

Тексерілетін субъектілердің "электрондық үкімет" веб-порталда, интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырмау

Елеулі

43

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырмау

Елеусіз

44

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есебін орналастырмау

Елеусіз

45

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы жөнінде теріс ақпараттың болуы

Елеусіз

Уәкілетті органдар және ұйымдармен ұсынылатын мәліметтер, есептік ақпараттарды сұратуы бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингтің талдау нәтижелері бойынша

46

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның "Мониторинг" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау

Өрескел

47

Мемлекеттік қызметін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның әлеуметтік тапсырысы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде сұратылған мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын қажетті орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінен, осы ақпарат олардың интернет-ресурстарында болмаған ақпаратты ұсынбау

Елеулі

48

"Мемлекеттік қызметтер көрсету" бағыты бойынша мемлекеттік органның жыл сайынғы тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша тиімсіз қызметті көрсету

Өрескел

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2016 жылғы 11 ақпандағы № 32
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы № 89
бірлескен бұйрығына 2-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметтер көрсету заңнаманың сақталуы бойынша тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы____________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН), ____________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекен-жайы _______________________________________________

Талаптар тізімі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың тәртібі Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның талаптарына сәйкес болу





2

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтау





3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартының болуы





4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген немесе өзгертілгеннен кейін оның көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру мерзімдерін сақтау





5

Мемлекеттік қызметтің стандартын өзгерту, толықтыру және күшін жою тәртібін сақтау





6

Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтау





7

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген регламентінің болуы





8

Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік коғамында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын орналастыру бойынша талапты сақтау





9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастыру бойынша талапты сақтау





10

Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартымен көзделген жұмыс мерзімін сақтау





11

Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау





12

Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздердің болуы





13

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұрату фактілердің болмауы





14

Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұрату фактілердің болмауы





15

Мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну фактілердің болмауы





16

Қазақстан Республикасының заңдарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді тегін негізде көрсету





17

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлардың болуы





18

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпаратты ұсыну





19

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету





20

Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету





21

Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету





22

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтау





23

Көрсетілетін қызметті берушілермен көрсетілетін қызметті алушыларды шағымдарды қарау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген мерзімдерде уақытылы хабардар ету





24

Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына келіп түскен шағымды қарау мерзімдері Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте ұзартылған жағдайда оның ұзартудың негізділігі





25

Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдаудың болуы





26

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу бойынша жұмыстың болуы





27

Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу





28

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау






      Лауазымды тұлға (лар) ____________ ________________________________

       (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ж.(болған жағдайда)

      Тексерілген субъектінің басшысы _______________________

      (Т.А.Ж. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады