"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 шілдеде № 13946 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 11-1-4/184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 03.06.2020 № 11-1-4/184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Е. Хаиров


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 15 маусымдағы № 489
бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және
Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға
өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша рәсімді

      (іс-қимылды) бастау үшiн негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13685 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы бейзезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру үшін өтінімнің болуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:

      1) Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы өтінімді тіркеу, қолхатты беру – 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы өтінімді қарауға беру – 1 (бір) сағат;

      3) басшысының қарар жазуы және жауапты құрылымдық бөлімшені айқындау – 2 (екі) сағат;

      4) құрылымдық бөлімше басшысының қарар жазуы және жауапты орындаушыны айқындау – 2 (екі) сағат;

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жауапты орындаушының қарауы және құрылымдық бөлімшенің басшысына келісуге енгізуі – өтінім жауапты орындаушыға түскен сәттен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін құрылымдық бөлімше басшысымен келісу – 2 (екі) сағат;

      7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы – 2 (екі) сағат;

      8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберу – 1 (бір) сағат;

      9) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол немесе пошта бойынша жіберу – 1 (бір) сағат.

      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдау және тіркеу оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

      2) құрылымдық бөлімшенің басшысына қарастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының және (немесе) оның орынбасарының қарары;

      3) жауапты орындаушыға карастыру үшін құрылымдық бөлімше басшысының қарары;

      4) жауапты орындаушының өтінімді және тіркелген құжаттарды қарауы;

      5) жауапты орындаушының қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі және оны құрылымдық бөлімше басшысына келісуге беруі;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі.

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      2) өтінімді қарауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      3) жауапты орындаушы;

      4) кеңсе қызметкері.

      8. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің (іс-қимылды) сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінімді қабылдайды, тіркейді және Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты береді – 15 (он бес) минут;

      2) тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді өңдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді – 1 (бір) сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарайды және оны құрылымдық бөлімшенің басшысына жібереді – 2 (екі) сағат;

      4) құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды және құжаттарды қарастыруға жібереді – 2 (екі) сағат;

      5) жауапты орындаушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін құрылымдық бөлімшенің басшысына келісуге дайындайды және енгізеді – өтінім түскен сәттен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде;

      6) құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келіседі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді – 2 (екі) сағат;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны жауапты орындаушыға береді – 2 (екі) сағат;

      8) жауапты орындаушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жібереді – 1 (бір) сағат;

      9) көрсетілетін қызметті алушының кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол немесе пошта арқылы береді – 1 (бір) сағат.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының бірізділігін толық сипаттау, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің "электрондық үкімет" веб-порталында, интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып
табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында
инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін
инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және
Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға
өтінішхат беру" мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы




- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлерінің) рәсімінің (іс-қимылдың) атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу;

- мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады