Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 895 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 наурызда № 14855 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 31 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 895 бұйрығымен
бекітілген

      Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

"Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны" 20__ жылғы ______ тоқсандағы есептілік кезең

      Индекс: 1-МҚШ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынылатын адамдар тобы: мемлекеттік қолдау құралдарының операторлары

      Қайда ұсынылады: облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астананың жергілікті атқарушы органдарына

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күніне дейін

Жобаның атауы

Жобаның өтініш берушісі, инвестор (мемлекет)

Сектор

Облыс, қала, аудан

Мемлекеттік қолдау түрінің атауы

Көрсетілген мемлекеттік қолдаулар құндық мәнінде, млн. теңге

Құрылыс кезеңінде жұмыс орындары

Іске қосылған кезеңдегі жұмыс орындары

Жоба құны, млн. теңге

Заттай түрінде қуаты

Ақшалай түрінде қуаты, млн. теңге

Іске қосу мерзімі (жылы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Іске асыру кезеңіндегі жобалар бойынша

1













2













3













4













5













2. Іске қосылған жобалар бойынша

1













2













3













4













5













      Басшы __________________                         ___________

             (тегі, аты, әкесінің аты                          (қолы)

            (бар болған жағдайда)

      Орындаушы ___________________                    ___________

                  (тегі, аты , әкесінің аты                    (қолы)

                  (бар болған жағдайда)

      Орындаушының телефоны ________________________________________________

      Ұйымның мекенжайы __________________________________________________

      Ұйымның телефоны ________________________________________________

      Мөр орны

      Ескертпе: Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға Қосымшада көрсетілген.

  "Көрсетілген қолдау шаралары
туралы мемлекеттік қолдау
құралдары операторларының
есептілік нысаны"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме

      1. "Көрсетілген қолдау шаралары туралы мемлекеттік қолдау құралдары операторларының есептілік нысаны" (бұдан әрі – Нысан) 1-бағанында жобаның реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. Нысанның 2-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.

      3. Нысанның 3-бағанында жобаның өтініш берушісі, елді көрсете отырып инвестор немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш беруші көрсетіледі.

      4. Нысанның 4-бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 1-қосымшасына сәйкес өңдеуші өнеркәсіп секторы көрсетіледі.

      5. Нысанның 5-бағанында жоба іске асырылатын облыс, қала, аудан немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш берушінің заңды мекенжайы көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында мемлекеттік қолдау шарасы түрінің атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында миллион теңгеде мемлекеттік қолдау шаралары құндық мәнінде көрсетіледі.

      8. Нысанның 8-бағанында құрылыс кезеңінде құрылған немесе жоспарланған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      9. Нысанның 9-бағанында жобалық құжаттамаға немесе жобаның төлқұжатына сәйкес іске қосылған кезеңдегі құрылған немесе жоспарланған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 10-бағанында миллион теңгеде жобаның құны көрсетіледі.

      11. Нысанның 11-бағанында өлшеу бірлігін көрсете отырып, жобалық құжаттамаға немесе төлқұжатқа немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінішке сәйкес жобаның немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш берушінің заттай түріндегі қуаты көрсетіледі.

      12. Нысанның 12-бағанында миллион теңгеде жобалық құжаттамаға немесе жобаның төлқұжатына немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінішке сәйкес миллион теңгеде жобаның мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтініш берушінің құндық мәнінде қуаты көрсетіледі.

      13. Нысанның 13-бағанында іске қосылу немесе жоспарланған іске қосу жылы көрсетіледі.

      14. Мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде Нысанның 2, 8, 9, 10, 11, 12, 13-бағаналар сәйкесінше ақпарат бар болған жағдайда толтырылады.

      15. Нысанға басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      16. Нысандағы көрсеткіштер есептілік тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніне дейін нақты деректер бойынша қалыптасады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады