Ескерту. Күші жойылды- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 381 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ойыл ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшермелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: |
А. Мамбетова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: |
Б. Бисекенов |