Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/15 "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 08/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 3731 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 01/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 11.01.2017 № 01/02 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, "Бірқатар функцияларды беру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 24/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 60/04 қаулысын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/15 "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3016 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 9 наурыздағы № 43-44 "Орталық Қазақстан", № 33-34 "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесінің 15 тармағының 28-1) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. "Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Мүкееваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады