Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі 2 сессиясының № 22 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 3768 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 470 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінің № 21 (7441) санында, 2014 жылғы 21 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      2 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      9 тармақта:

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0,6 еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады." ;

      келесі мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізіледі.";

      келесі мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік беймделу қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.";

      келесі мазмұндағы 25-2 тармақпен толықтырылсын:

      "25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10474 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады.";

      келесі мазмұндағы 25-3 тармақпен толықтырылсын:

      "25-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";

      келесі мазмұндағы 25-4 тармақпен толықтырылсын:

      "25-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.";

      31 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "31. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
Р. Әбеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады