Әкімдіктің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 99 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірынғай ұыймдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 188 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 мамырда № 6395 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.04.2017 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 99 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшадағы:
      "

2
"Қостанай ауданы Заречный ауылының "Северный" шағын ауданында екі 48 пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік тораптар" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 

      ";
      "

4
"Заречный ауылынның "Северный" шағын ауданында көп қабатты құрылыстың газ қазандығы" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары

      "
      деген жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады