Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 01 тамыздағы № 235/08 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 тамызда № 5219 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 415/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 10.12.2019 № 415/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 29/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурыздағы № 12 "Баянтау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Күлжан

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "01" тамыздағы
№ 235/08 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
мен өткізудің Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік
сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

№ р/с

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Сатып алуға бөлінген сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алулар

3

"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады