Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 5176 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ж. Тлебалдина
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

  Железинка аудандық
мәслихатының 2016 жылғы
30 маусымдағы
№ 22/6 шешімімен
бекітілген

Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар).

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Железинка ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшер бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - "Железинка ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Железин ауданының бөлімі;

      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Железинка ауданының село, селолық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері;

      11) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      12) алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13) алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14) алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      15) алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.09.2018 № 258/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардың алушының шотына аудару жолымен ұсынылады.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс Күні;

      3) 1 қазан - Халықаралық қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек мына санаттар қатарынан азаматтарға ұсынылады:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері (бұдан әрі - ҰОС);

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      2-1) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      2-2) бұрынғы Кеңес СРО үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңес СРО Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); оқу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңес СРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе зақымданған, не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңес СРО ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;

      2-3) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС апаттың, басқа радиациялық апаттар мен азаматтық және әскери мақсаттағы объектілердегі авариялардың әскери зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;

      2-4) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған тұлғалар;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      3-1) бұрынғы Кеңес СРО қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңде орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:

      4-1) Ауғанстандағы соғыс қимылдары немесе басқа мемлекеттердегі жүргізілген соғыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасы;

      4-2) қайта некеге тұрмаған әйелі (күйеуі);

      4-3) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болған соғыс қатысушыларының, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);

      4-4) 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      4-5) ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес СРО ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;

      5) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдар;

      6) ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар, атап айтқанда:

      6-1) зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар;

      6-2) 80 жастағы және одан үлкен жастағы азаматтар;

      7) мүгедектер, атап айтқанда:

      7-1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      7-2) бірінші, екінші топ мүгедектері;

      7-3) үшінші топ мүгедектері;

      7-4) кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;

      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (одан әрі - атаулы көмек) және (немесе) мемлекеттік жәрдемақы берілетін он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (одан әрі - мемлекеттік балалар жәрдемақысы) алатындардың ішінен кәмелет жасқа толмаған төрт балалы және одан да көп балалы әйелдерге;

      9) жалпы білім беру мектептерінің түлектері санынан тұлғалар, атап айтқанда:

      9-1) жетім балалар;

      9-2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      9-3) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын отбасылардағы балалар;

      10) аз қамтамасыз етілген азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:

      10-1) Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұратын жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын жұмыссыз азаматтар;

      10-2) бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан азаматтар;

      10-3) өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғалар: бір айдан аса ұзақ ауыру;

      10-4) төтенше жағдайдағы өрттің немесе апатты зілзалалардың салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған азаматтар (отбасылар);

      10-5) 12 аптаға дейінгі жүктілігіне байланысты Железин аудандық ауруханасына дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін);

      10-6) алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 03.07.2019 № 353/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10-7) медициналық мекеменің қорытындысы бойынша балаға арналған қосымша тамаққа мұқтаж бір жасқа дейінгі жастағы балалары бар, орташа табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің бір реттік мөлшерінен аспайтын азаматтарға (отбасыларға) (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін);

      10-8) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы отбасыларға;

      11) әлеуметтік маңызды ауруы бар азаматтар, атап айтқанда:

      11-1) онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;

      11-2) туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;

      11-3) орталық нерв жүйесінің алаңғасарлық ауруымен зардап шегуші тұлғалар;

      12) алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 07.03.2017 № 71/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 353/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      10. Уәкілетті орган табысын есептемей көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мереке күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға;

      Жеңіс Күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға;

      Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай осы Қағидалардың 9-тармағының 7-1), 7-2) және 7-4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 9-тармағының 10-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққаны туралы анықтаманың негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 11-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, науқастықты растайтын анықтамалардың негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 10-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға (арнайы комиссияның шешімі бойынша) 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісінің және Железин ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі анықтамасының негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 9-1), 9-2) тармақшаларында көрсетілген санаттарға оқу жылы үшін жоғары оқу орындарында оқудың нақты құны мөлшерінде осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қоса уәкілетті органға өтініштің Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшартының негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға үйін жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға немесе село, селолық округ әкіміне осы Қағидалардың 15-тармағының 1, 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 2 кезеңдік басылымға жазылуға нақты шығындар бойынша, бірақ 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес, уәкілетті органға өтініш негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 11-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға 54 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      осы Қағидалардың 9-тармағының 10-8) тармақшасында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, халықты жұмыспен қамту орталығымен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 2-1), 2-4), 3-1), 4-1), 4-2), 4-3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде, жолақысының нақты құны мөлшері ретінде төлем 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға емделу және қаралу үшін бірге жүрушілердің 40 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, медициналық мекеме жолдамасының, тұрғаны үшін және барып келгенге дейінгі шығынды растайтын түбіртектер ұсынумен;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 2-2), 2-3), 4-4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 4-5) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға дәрі алу үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 11-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделу кезеңінде тамақтану және жол жүру үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Железинка орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны фтизиатрлық кабинетімен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 7-2) тармақшасында (бірінші топ мүгедектері ғана) көрсетілген санаттарға емделу және қаралу үшін (санаторлық-курорттық емделуді қоса алғанда) 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Железинка аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізімнің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 9-1), 9-2) тармақшаларында көрсетілген санаттарға оқу кезеңіне тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне баруы үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қоса уәкілетті органға өтініштің Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшартының негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға балабақшада балаларды қамтамасыз етуге төлеу үшін әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, балалардың тууы туралы куәлігінің, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, балабақшадан қатысу табелін ұсынумен анықтаманың негізінде.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 07.03.2017 № 71/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 115/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2018 № 210/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.09.2018 № 258/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.11.2018 № 284/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 353/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      11. Уәкілетті орган табысын есепке алуымен көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 9-тармағының 10-5) тармақшасында көрсетілген санаттарға 16,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, жүктілік туралы медициналық мекемеден анықтамалардың негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 9-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқу жылы үшін жоғары оқу орындарында оқудың нақты құны мөлшерінде осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса уәкілетті органға өтініштің Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшартының негізінде;

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 9-тармағының 10-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқыту және кәсіптік даярлау мен қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсын өту кезеңіне 5,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 9-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқу кезеңіне тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне баруы үшін 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса уәкілетті органға өтініштің Железин ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және өтініш берушінің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшартының негізінде;

      осы Қағидалардың 9-тармағының 10-7) тармақшасында көрсетілген санаттарға әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 07.03.2017 № 71/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 115/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша уәкілетті органмен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе село, селолық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірін көрсетумен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе село, селолық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе село, селолық округ әкіміне жібереді.

      Село, селолық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе село, селолық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе село, селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды Железин ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      27. Алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Отбасы белсенділігінің әлеуметтік келісімшарттың жасалуы

      Ескерту. 4-бөлім алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 26.10.2017 № 150/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздер

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

6. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек берудің мониторингі мен есепке алынуын уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады