Аудандық коммуналдық меншіктегі мүлікті жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 144 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 тамызда № 3596 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүлік осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әжіғалиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Мұқанов

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "27" шілдедегі № 144 қаулысына қосымша


Мүлік атауы
Шығарылған жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
Газ 330700-1012-39-117-41-42
2005
"Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
2
Газ 3307Ко 503в/Gaz 3307 Ko 503y
2002
"Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
3
Монша ғимараты
1975
"Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
4
Жылу орталығы ғимараты
1985
"Миялы орта мектебі"ММ

      ММ - мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады