Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Атырау облысы Индербор кенті әкімінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 79 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 тамызда № 3576 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Индер ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5 хаттамасы негізінде, Индербор кенті аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Индербор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
       Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің кенттік аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау Индербор кенті әкімінің орынбасары Н.Қарақұловқа жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Индербор кентінің әкімі А. Құсайнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады