Мақат кентінің шекарасын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 155 қаулысы, Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 қазандағы № 54-VI бірлескен шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қарашада № 3664 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалпы аумағы 4 990,63 гектар және ұзындығы 29523,29 метр болатын Мақат кентінің шекарасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (Ж. Мүсепов) және аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мақат ауданы әкімі Б. Сәрсенғалиев
      Мақат аудандық мәслихатының
кезекті VI сессиясының төрағасы
А. Самаликов
      Мақат аудандық мәслихат хатшысы Қ. Исмагулов

      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады