Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15042 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 514 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 14.07.2020 № 514 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 343 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11121 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 4 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 13 наурыздағы
№ 180 бұйрығымен бекітілген

"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Арызды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

      Егер келісуші орган көрсетілген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келісім алғаннан кейін 1 жұмыс күннің ішінде ұсынылады;

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін барынша рұқсат етілетін күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) барынша рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шет мемлекеттердің паспортына не Қазақстан Республикасы осындай құжат ретінде танитын жеке басты куәландыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін өзге құжатқа (бұдан әрі – шетелдік паспорт) толтырылған визалық жапсырманы жапсыру жолымен Қазақстан Республикасының визаларын беру, қалпына келтіру немесе ұзарту не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 613-бабына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін:

      Қазақстан Республикасынан шығу – 0,5 АЕК;

      Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету – 7 АЕК;

      көп мәрте Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету – 30 АЕК-ті құрайды.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және аударым арқылы жүргізіледі.

      Мемлекеттік баж төлеуден:

      Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндер;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктер;

      этникалық қазақтар;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балалар;

      шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдар;

      шетелдік инвесторлар босатылады.

      Мемлекеттік баж салығы көрсетілетін қызметті беруші жол берген қателерді қамтитын алғашқы визаның орнына қайта виза берген кезде салынбайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұма аралығында сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

      "А5", "В15"-"В22" санаттардағы визалар визаны алушының нақты орналасқан орны бойынша беріледі.

      "С9" санатындағы визалар визаны алушы қабылданған оқу орны бойынша беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы не қабылдаушы адам жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      1) визаның барлық санаты үшін:

      виза алу үшін осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес визалық сауалнама не көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі түсті не ақ-қара фотосуреті;

      жарамды шетелдік паспорты;

      мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;

      2) "А5" санатындағы (инвесторлық) визаны ресімдеу үшін қосымша:

      шақырушы тараптың қолдаухаты;

      Қазақстан Републикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты ұсынылады;

      "А5" санатындағы визаны ұзарту үшін шақырушы тараптың қолдаухаты және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы ұсынылады;

      3) "В3" санатындағы (келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасасуға келетін адамдарға, сондай-ақ құрылтайшыларға немесе директорлар кеңесінің мүшелеріне) визаны ресімдеу үшін қосымша:

      шақырушы тараптың визаларды беру не этникалық қазақ, бұрынғы отандастар және (немесе) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жазбаша өтініші ұсынылады;

      көп мәртелі визаларды ресімдеу үшін – шарттың немесе келісім-шарттың көшірмесі (осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген адамдарға талап етілмейді);

      4) "В14" (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығу кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға) санатындағы визаларды ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұруға ішкі істер органдарымен берілген рұқсат негізінде ұсынылады;

      5) "В15" (Қазақстан Республикасының аумағында паспортын жоғалтқан адамдар) санатындағы визаларын ресімдеу үшін қосымша:

      шақырған тараптың не көрсетілетін қызметті алушылардың визаны беру туралы жазбаша өтініші (бұдан әрі – қолдаухат);

      Қазақстан Республикасына кіру және ішкі істер органдарында тіркелу туралы деректерді растау кезінде оралуға арналған куәлік (басқа жол жүру құжаты) ұсынылады;

      6) "В16", "В17", "В18" санатындағы визалар ішкі істер органдарының қорытындысы негізінде беріледі. Бұл ретте визалық сауалнама қажет емес;

      7) "В19" (жазасын өтеген немесе жазадан босатылған адамдар, сондай-ақ пробациондық бақылау мерзімі өткен, жазаны орындау мерзімі ұзартылған адамдар) санатындағы визаларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің немесе оның аумақтық органдарының не жергілікті полиция қызметінің (шартты бүрде мерзімінен бұрын босатылғандар үшін) хабарламасы негізінде беріледі, бұл ретте визалық сауалнама қажет емес;

      8) "В20" (форс-мажорлық мән-жайларға байланысты визаның жарамдылық мерзімінің немесе болудың рұқсат етілген визасыз мерзімінің өткенге дейін шықпаған адамдар) санатындағы визаларды беру үшін қосымша:

      қолдаухат;

      визаның жарамдылық мерзімінің немесе болудың рұқсат етілген визасыз мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге кедергі болған форс-мажорлық мән-жайлардың, рейстің, поезд немесе өзге көлік құралы жөнелтілімінің кідіргені немесе ауыстырылғанын растайтын құжаттар ұсынылады;

      9) "В21" (өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын әрекетті жасады деп хабарланған адамдар) санатындағы визаларды беру үшін қосымша:

      қолдаухат;

      Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде өтінішті тіркеу туралы талон-хабарлама ұсынылады.

      "В21" санатындағы визаны ұзарту үшін алдын ала тергеп-тексеру жүзеге асыратын органның не қылмыстық істі қарап жатқан соттың жазбаша өтініші ұсынылады;

      10) "В22" (қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар және оларға қатысты қылмыстық іс тоқтаған, сондай-ақ өзге адамдардан Қазақстан Республикасынан тыс шығуға қойылған заңды шекті алынған адамдарға) санатындағы визаны беру үшін қосымша прокурор бекіткен немесе келіскен қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны не Қазақстан Републикасынан шығуға шектеу қойған уәкілетті органның ақпараты қосымша ұсынылады;

      11) "С3" (еңбек қызметін жүзеге асыру үшін) санатындағы визаны беру үшін қосымша:

      шақырушы тараптың қолдаухаты;

      жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берген рұқсат ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

      оралмандар үшін:

      "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша оралман куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

      теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) (бұдан әрі – Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:

      шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:

      заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді/аккредитациялауды растайтын сертификаттың көшірмесі;

      шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;

      Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін:

      Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;

      ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін:

      ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;

      шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдарға:

      шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;

      олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдарға:

      шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;

      олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға:

      басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.

      "С3" санатындағы визаны ұзарту үшін егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе, бастапқы визаны алуға шақыруды бұрын ресімдеген шақырушы тараптың өтінішхаты және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат ұсынылады.

      12) "С4" (экономиканың басым салаларында талап етілетін мамандықтар бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін) санатындағы визаны беру үшін қосымша:

      қолдаухат;

      біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама;

      заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентімен жасалған біліктілігіне сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандығы бойынша еңбек шарты ұсынылады.

      "С4" санатындағы визаны ұзарту үшін қолдаухат және заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілігіне сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандығы бойынша еңбек шарты ұсынылады;

      13) "С9" (Қазақстан Республикасына уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына оқуға түскен этникалық қазақтар, соның ішінде визасыз режиммен келгендер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері) санатындағы визаны беру үшін қосымша:

      Қазақстан Республикасы оқу орнының қолдаухаты;

      қызмет алушының ұлттық тиісілігін растайтын құжаттар.

      "С9" санатындағы визаны ұзарту Қазақстан Республикасында тіркелген білім беру мәселесі бойынша уәкілетті органның немесе оқу орындарының қолдаухаты ұсынылады;

      14) "С11" (кәмелетке толмаған адамдарға) санатындағы визаны беру үшін қызмет алушының заңды өкілдерінің қолдаухаты қосымша ұсынылады;

      15) "С12" санатындағы визаны беру үшін (емделу қажеттілігі туындаған кезде Қазақстан Республикасындағы адамдарға не жақын туыстары – Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және медициналық мекемелерде емделудегі шетелдіктерге күтім жасайтын адамдарға, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдарға) қосымша Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық мекеме берген:

      Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінде емделіп жатқан қызмет алушыға – шетелдік пациентке ұдайы күтім қажеттілігін;

      көрсетілетін қызметті алушының жақын туыстарына – Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туысқандық дәрежесі анықталады.

      "С12" санатындағы визаны ұзарту үшін қолдаухат және осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      16) "В2" (жабдықты монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету мақсатында келетін адамдарға не консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатында келетін адамдарға) санатындағы визаны ұзарту үшін Қазақстан Республикасында болу мақсатын көрсете отырып, бастапқы визаны алу үшін шақыруды бұрын ресімдеген шақырушы тараптың қолдаухаты ұсынылады;

      17) "В7" (оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасына келген адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері) санатындағы визаны ұзарту үшін бұрын шақыру ресімдеген тараптың, сондай-ақ Қазақстан Републикасы орталық орындаушы органның қолдаухаты ұсынылады;

      18) "В8" (Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін Қазақстан Республикасына келген адамдар) санатындағы визаны ұзарту үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін құжаттарды тапсырғаннан кейін қолдаухаттың негізінде жүзеге асырылады;

      19) "С2" (отбасын біріктіруге арналған) санатындағы визаны ұзарту үшін мынадай құжаттар болған жағдайда шақырушы тараптың жазбаша өтініші ұсынылады:

      шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде қаржылай қаражаттың болуын растауы;

      шақырушы адамда Қазақстан Республикасының аумағында алаңы "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес белгіленген санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес отбасының әрбір мүшесіне шаққанда белгіленген ең төмен нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растауы (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

      көрсетілетін қызметті алушының медициналық сақтандыруы - шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін;

      көрсетілетін қызметті алушының шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелері;

      20) "С5" (бизнес-иммигранттар болып табылатын адамдар үшін) санатындағы визаны ұзарту үшін астана, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың және олардың аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініші ұсынылады;

      21) "С7" (миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін) санатындағы визаны ұзарту үшін діни қызмет саласын реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосымен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші ұсынылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) егер оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіздер болса – іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін;

      3) егер ол қылмыс жасағаны үшін сотталса – жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін;

      4) егер ол соттың оған жүктеген міндеттемелерін орындаудан жалтарса – міндеттемелер орындалғанға дейін.

      5) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ тексерудің теріс қорытындысы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздгіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1, телефон: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03.

      Шағым почта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымды қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күн) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      "Жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы шағым жолдаған кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны, қаралғаны туралы жауабы немесе қараудан бас тартқаны туралы белгілер) барысында жаңартылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушілердің телефондары бойынша не Министрліктің 8 (7172) 71-40-64, 71-40-73 телефондары бойынша алуға болады.

  Шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасына келу және
Қазақстан Республикасынан
кету құқығына Қазақстан
Республикасының аумағында
визаны беру, қалпына келтіру
және ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ВИЗАЛЫҚ САУАЛНАМА











      Ескертпе!

      Сауалнама баспалық әріптермен толық және ұқыпты түрде толтырылуы тиіс.

      Attention!

      Application form should be filled in fully and accurately, in block letters.

      Wrong filling of application form can become a cause of refuse in issue of entry visa.

      1. Тегі/Surname(s):_____________________________________________________________________

      2. Аты/First names: ____________________________________________________________________

      3. Өзге де тегі мен аты/Other names and surnames: _________________________________________

      4. Жынысы/Sex:Ер/Мale Әйел/Female

      5. Туған күні/Date of birth:

                  күні/day айы/month жылы/year

      6. Туған жері (қала және ел)/Place of birth (city and country): _________________________________________________

      7. Азаматтығы/Nationality: ____________________________________________________________________________

      Туған кезіндегі азаматтығы/Nationality by birth: __________________________________________________________

      8. Отбасы жағдайы/Marital status:

            бойдақ/single            үйленген (күйеуде)/married

      ажырасқан/divorced тұл ер (жесір)/widow(er)

      9.Егер үйленген (күйеуде) болсаңыз жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) аты-жөнін және азаматтығын көрсетіңіз/If you

      are married, please, inform your spouse’s full name and nationality: ____________________________________________________

      ___________________________________________________________________________________________________

      10. Тұрақты тұратын мекенжайы/Your permanent home address: _____________________________________________

      ___________________________________________________________________________________________________

      тел/tel. _____________________________________________________________________________________________

      11.Мамандығы және лауазымы/Occupation (educational background and position): _______________________________

      ___________________________________________________________________________________________________

      12. Жұмыс орны/Place of work: ________________________________________________________________________

      мекенжайы/address:______________________________________________________тел/tel.______________________

      13. Паспорт түрі/Type of passport:

      дипломатиялық/diplomatic                         қызметтік/service

      ұлттық/ordinary                        басқа құжат түрі/other type of document

      Нөмірі/Number: _______________________ берілген күні/date of issue: __________________берілген жері/issued by:

      __________________________________________ қолданыс мерзімі/valid till: ________________________________

      14. Кері қайтуға рұқсатыңыз бар ма, егер Сіз сол мемлекеттің азаматы болып табылмасаңыз қайда уақытша боласыз?/ For person who lіves outsіde of the country of orіgіn: have you got a permіssіon to return to the country of lіvіng?:



Жоқ/No



Иә/Yes

      Егер рұқсатыңыз болса, келуге құжаттың нөмірін және оның жарамдылық мерзімін көрсетіңіз / Іf yes, please іndіcate the number of thіs document and іts valіdіty:

      ________________________________________________________________________

      15. Бұрын Қазақстанда болғансыз ба?/Have you visited the Republic of Kazakhstan before?: Жоқ/No      Иә/Yes

      Болған жағдайда, бұрынғы сапарларыңыздың күндерін және мақсатын көрсетіңіз/If yes, indicate the date and purpose

      of the visit(s): ____________________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________________________

      16. Сіздің Қазақстан Республикасына келуіңізге бұрын рұқсат берілмеген жағдай болды ма?/Have you ever been

      refused entry to the Republic of Kazakhstan?: Жоқ/No Иә/Yes. Бас тартылған жағдайда, себептерін жазыңыз (қашан және кім

      рұқсатты берген жоқ)/If yes, please give details below (when and by whom):__________________________________________

      17. Сапардың мақсаты/Purpose of travel: _________________________________________________________________

      18. Қабылдайтын тарап (мекенжайы, тел.)/Inviting organization (address, tel.):_________________________________

      _________________________________ немесе жауапты адам туралы мәлімет (толық аты-жөні, мекенжайы, тел.)/or person,

      arranging your visit to Kazakhstan (full name, address, tel.): __________________________________________________________

      19. Қазақстан Республикасында болатын пункттері/Places of destination in the Republic of Kazakhstan:

      __________________________________________________________________________________________________________

      20. Қазақстан Республикасындағы келетін бастапқы пункті/The first place of entry into the Republic of Kazakhstan:

      _________________________________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________________________________

      21. Қазақстандағы уақытша тұратын мекенжайы/Temporary address in Kazakhstan: ___________________________

      _________________________________________________________________________________________________________

      22. Сіздіңсапарыңызды және Қазақстанда болу мерзімінде тұру шығыстарыңызды кім қаржыландырады?/Who is

      paying for your cost of travelling and for your costs of living during your stay in Kazakhstan?: _____________________________

      __________________________________________________________________________________________________________

      23. Қазақстанда болу мерзіміне сақтандыруыңыз бар ма?/Have you got an insurance for the period of your stay in

      Kazakhstan?: Жоқ/No Бар/Yes. Сақтандыру болған жағдайда, оның қолданыс мерзімін және сақтандыру компаниясының

      атауын көрсетіңіз/If yes, please indicate its validity and the name of insurance company:

      _________________________________________________________________________________________________________

      24. Қазақстан арқылы транзитпен өткен жағдайда, негізгі баратын мемлекеттің визасы немесе тұруға ықтиярхаты

      бар ма?/In case of transit through Kazakhstan, have you got an entry visa or residence permit for your destination?:

      Жоқ/No Бар/Yes. Болған жағдайда, баратын мемлекетті/if yes, indicate the country of

      destination:______________________________________кіру жоспарланған шекара пунктін/border point through which entry is

      planned:_________________________________________________________________транзиттің бағытын көрсетіңіз/route of

      transit:__________________________________________________________________________________________

      25. Сұрау салынатын визаның мерзімі/Period of requested visa: from________________ бастап to _____________ дейін

      26. Сұрау салынатын визаның мәртелігі/Number of entries requested: 1көп мәртелік/multiple

      27. Сізбен бірге баратын балалардың Т.А.Ә. (болған кезде) көрсетіңіз (егер балалар Сіздің паспортыңызға енгізілсе толтырылады)/ Chіldren (please іndіcate whether they are travelіng wіth you and are entered іn your passport):

Т.А.Ә.(болған кезде)/ Surname, Fіrst names

Туған күні мен орны/ Date and plase of bіrth

Азаматтығы/ Natіonalіty





      Мен сауалнамада жазған мәліметтердің дұрыс екенін куәландырамын. Дұрыс емес мәліметтер алынған визаны жою немесе визаны беруден бас тарту үшін негіз болатыны хабарланды.

      І undertake that the above mentіoned personal data are full and correct. І am aware, that wrong data can cause refuse and cancelіng of already іssued vіsa. І am oblіged to leave the terrіtory of the Republіc of Kazakhstan before vіsa expіratіon.

      Күні және орны/

      Place and date: _________________

      Қолы/ Sіgnature: ____________

  Шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасына келу және
Қазақстан Республикасынан
кету құқығына Қазақстан
Республикасының аумағында
визаны беру, қалпына келтіру
және ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.12.2018 № 939 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"А3", "В1", "В3", "В10" және "В12" санатындағы визаларын ресімдеу кезінде азаматтары шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттер тізімі

      1. Австралия

      2. Австрия Республикасы

      3. Америка Құрама Штаттары

      4. Бельгия Корольдігі

      5. Біріккен Араб Әмірліктері

      6. Болгар Республикасы

      7. Бразилия Федеративтік Республикасы

      8. Германия Федеративтік Республикасы

      9. Грек Республикасы

      10. Дания Корольдігі

      11. Жаңа Зеландия

      12. Жапония

      13. Израиль Мемлекеті

      14. Иордан Хашимит Корольдігі

      15. Ирландия Республикасы

      16. Исландия Республикасы

      17. Испания Корольдігі

      18. Италия Республикасы

      19. Канада

      20. Катар Мемлекеті

      21. Кипр Республикасы

      22. Корея Республикасы

      23. Латыш Республикасы

      24. Литва Республикасы

      25. Лихтенштейн Князьдігі

      26. Люксембург Ұлы Герцогтігі

      27. Мажарстан Республикасы

      28. Малайзия Федерациясы

      29. Мальта Республикасы

      30. Монако Князьдігі

      31. Нидерланд Корольдігі

      32. Норвегия Корольдігі

      33. Оман Сұлтандығы

      34. Польша Республикасы

      35. Португалия Республикасы

      36. Румыния

      37. Сауд Арабиясы Корольдігі

      38. Сингапур Республикасы

      39. Словак Республикасы

      40. Словения Республикасы

      41. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

      42. Финляндия Республикасы

      43. Француз Республикасы

      44. Хорватия Республикасы

      45. Чех Республикасы

      46. Швейцария Конфедерациясы

      47. Швеция Корольдігі

      48. Эстон Республикасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады