Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2017 жылғы 15 тамыздағы № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 15735 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Р. Құрманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 18 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _________________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 24 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 338 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін бұйрықтары тізбесі

      1. "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Балық аулау қағидалары "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Заң) 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жеке және заңды тұлғалардың кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиорациялық аулауды, сондай-ақ өсімді молайту мақсатындағы аулауды ұйымдастыруы мен жүргізуі тәртібін регламенттейді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады.";

      6-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсіпшілік мөлшері осы Балық аулау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Рұқсатта көрсетілмеген және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кем балық түрлері мен басқа да су жануарларының кездейсоқ ауланымы ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың сегіз пайызынан және сүзгіш аулау құралдарында ауланғанның бес пайызынан аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

      Кездейсоқ ауланым рұқсат етілген көлемнен асып кеткен жағдайда, барлық ауланым кідіріссіз табиғи мекендеу ортасына аз зақыммен жіберіліп, "Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналына (кәсіпшілік журналына) (бұдан әрі - кәсіпшілік журнал) тиісті жазба енгізіледі.

      Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерімен бірге иесіз балық аулау құралдары табылған кезде Заңның 11-1-бабы 3-тармағына сәйкес іс-шаралар жүзеге асырылады.

      Бекіре тұқымдас балық түрлерінің тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналда немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі және өтеусіз негізде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуы тиіс.

      Бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері және басқа да су жануарларының тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналда немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі және мемлекеттік инспектордың жою туралы тиісті акті (еркін нысанда) жасауы арқылы жойылуға жатады.

      Шаяндарды кездейсоқ аулау кәсіпшілік емес мөлшерлердегі шаяндарды алмастан жүзеге асырылады. Кәсіпшілік емес мөлшердегі шаяндар балық аулау құралдарына түскен жағдайда кідіріссіз аз зақыммен табиғи мекендеу ортасына жіберілуі тиіс.

      Бекіре тұқымдас балық түрлері Заңның 19-бабы 2-1-тармағына сәйкес пайдаланыла алады.";

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының өлшемдері көрсетiлген жапсырмалары жоқ кәсіпшілік балық аулаудың балық аулау құралдарымен;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында Заңның 14-бабының 3-тармағында және 39-бабының 4-тармағында көрсетілген әрекеттерге жол берілмейді.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті атқарушы органмен балық шаруашылығын жүргізуге шарты болған кезде беріледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.";

      33-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Бақылау үшін аулауды жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатсыз ихтиологиялық байқаулар жүргізу кезінде аумақтық бөлімше:";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Балықтың жаппай қырылуына әкеп соқтырмай қоймайтын балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтың қырылу қатері туындаған және мұндай қатерді су объектілерінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен жою мүмкін болмаған жағдайларда аумақтық бөлімше жергілікті атқарушы органдар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті орган өкілдерінен аумақтық бөлімше құрған Комиссияның (бұдан әрі ‒ комиссия) ұсынымдары негізінде және ихтиологиялық байқаулар нәтижелері бойынша мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Мелиорациялық аулауға жергілікті атқарушы органмен берілген жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың болуы кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.";

      9-тарау алып тасталсын.

      2. "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын басқа да жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлуді жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Балық ресурстары және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алу үшін балық шаруашылығы субъектілері ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін балықшылар қауымдастығына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын алуға өтінім (бұдан әрі - балық ресурстарын алып қоюға өтінім) береді.

      Балықшылар қауымдастығы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) балық ресурстарын алып қоюға өтінімнің 2 және 4-тармақтары бойынша мәліметтер беру туралы жазбаша сұраным жібереді.

      Аумақтық бөлімше сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде сұратылған ақпаратты ұсынады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Балықшылар қауымдастығы уәкілетті орган балық аулау лимиттерін бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде балық ресурстарын алып қоюға өтінімдерді қарастырады, сондай-ақ әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы балық аулау лимитінің 10% шегінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау, өсімін молайту мақсаттарында аулау, ғылыми-зерттеу және бақылау үшін аулау үшін квота белгілейді.

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу үшін аулау ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді.";

      18-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, ал қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10845 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларында:

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мерзiмі бойынша: тұрақты түрде (қолданылу мерзiмдерiн көрсетпестен), белгiлi бiр мерзiмдерге, не болмаса белгіленген мерзімді ауыстыруға;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) биологиялық негіздемелер түрінде ғылыми ұйымдар берген ұсынымдардың түсуіне қарай шектеулер мен тыйым салуларды белгілеудің, сондай-ақ оларды түзетудің орындылығын қарайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзету қажет орынды болған жағдайда ведомство мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді.".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталарды алуға арналған
өтінім

      1. Балық шаруашылығы субъектісіне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су

      айдын(дар)ының және (немесе) учаскесі(лері)нің атауы

      _______________________________________________________________________________.

      Балық шаруашылығын жүргізуге арналған _________ жылғы "___" _____________

      № __________шарт.

      2. Өткен жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға (балықтандыруға) жұмсалған

      қаржы қаражатының көлемі _____мың теңге.

      3. Балық ресурстарын өңдеу бойынша технологиялық жабдықтардың бар-жоғы

      _______ тонна/жылына.

      4. Өткен жылы бөлінген квотаның нақты игерілуі________________тонна.

      5. Балық аулау қағидаларына сәйкес балық ресурстарын аулайтын және басқа да су

      жануарларын олжалайтын құралдардың саны, сүзекі ____дана, ау____ дана.

      6. Балық шаруашылығы субъектілерінің атына тіркелген, балық аулау флотының

      саны, өздігінен жүретін (40 ат күшінен жоғары)______ бірлік, шағын көлемді_______ бірлік.

      Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын.

      Берілген күні

      Мөрдің орны

      ________________________________________________________________________________

      (балық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      қолы_____________

      Өтінімге мыналар:

      1) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшірмесі;

      2) балық шаруашылығы субъектісінің атына тіркелген аулайтын және көліктік флот,

      оның ішінде шағын көлемді флот туралы аумақтық көліктік бақылау органының өтінім

      берілген күннің алдында бір айдан кеш емес берілген анықтамасы қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады