Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 6255 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 26.01.2022 № 7С-14-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 26.01.2022 № 7С-14-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 26.01.2022 № 7С-14-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5009 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ә.Баймағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Малғаждаров

      13.12.2017

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің Ақмола
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Т.Ошақбаев

      13.12.2017

      "Ақмола облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін
атқарушы
К.Біржекеев

      13.12.2017

  Ақмола облыстық
мәслихатының
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 6С-17-5 шешіміне
қосымша

Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 26.01.2022 № 7С-14-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт оксидтері (SOx)

20


2.

Азот оксидтері (NOx)

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосылыстары

3 986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі монооксиді

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1 340

2.

Мырыш

2 680

3.

Мыс

26 804

4.

Оттегіне биологиялық қажеттілік

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық беткі-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель үшін (Гбк)

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар



1.1.1.

қауіпті қалдықтар

8,01


1.1.2.

қауіпсіз қалдықтар

1,06


1.2.

Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)

0,38


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа)



1.2.2.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.2.2.2.

жанасқан таужыныстары

0,026


1.2.2.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.2.2.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038


1.2.4.

Күл мен күлшлактар

0,66


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


1.2.6.

Радиоактивті қалдықтар:



1.2.6.1.

трансуранды


0,76

1.2.6.2.

альфа-радиоактивті


0,38

1.2.6.3.

бета-радиоактивті


0,04

1.2.6.4.

шынақты радиоактивті көздер


0,38


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады