"Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 7С-14-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 ақпанда № 26736 болып тіркелді

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1."Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6255 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы М.Балпан

  Ақмола облыстық
мәслихатының
2022 жылғы 26 қаңтардағы
№ 7С-14-2 шешіміне
қосымша
  Ақмола облыстық
мәслихатының
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 6С-17-5 шешіміне
қосымша

Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт оксидтері (SOx)

20


2.

Азот оксидтері (NOx)

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосылыстары

3 986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі монооксиді

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1 340

2.

Мырыш

2 680

3.

Мыс

26 804

4.

Оттегіне биологиялық қажеттілік

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық беткі-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель үшін (Гбк)

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар



1.1.1.

қауіпті қалдықтар

8,01


1.1.2.

қауіпсіз қалдықтар

1,06


1.2.

Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)

0,38


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа)



1.2.2.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.2.2.2.

жанасқан таужыныстары

0,026


1.2.2.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.2.2.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038


1.2.4.

Күл мен күлшлактар

0,66


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


1.2.6.

Радиоактивті қалдықтар:



1.2.6.1.

трансуранды


0,76

1.2.6.2.

альфа-радиоактивті


0,38

1.2.6.3.

бета-радиоактивті


0,04

1.2.6.4.

шынақты радиоактивті көздер


0,38


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады