Ескелді аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы "Қарабұлақ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" № 9-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 13-89 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 11 мамырда № 4210 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 11-36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 21.09.2023 № 11-36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді аудандық мәслихатының "Қарабұлақ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 9-54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-9-53 тіркелген, 2008 жылдың 21 наурызында "Жетісу шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің атауында, 1-тармағында және қосымшасында "кентінің" сөздері "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сопаков Маулен Берликовичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б. Жапабаев
      Ескелді аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. Алпысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады