"Қазақстан-Қытай" магистральдық құбырының "А", "В" , "С" желілік бөліктерін айдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 43 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 3406 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақстан-Қытай" магистральдық құбырының "А", "В", "С" желілік бөліктерін пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай отыз жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
       2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
       2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
       3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
       4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
       4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 43 қаулысына қосымша

"Қазақстан-Қытай" магистральдық құбырының "А", "В", "С" желілік бөліктерінде қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлер экспликациясы


Жер учаскесінің орналасқан жері
Жалпы көлемі (гектар)
Ауыл шаруашылық алқаптары (гектар)
Оның ішінде
Бөгде жер (гектар)
барлығы егістік (гектар)
оның ішінде суармалы егістік (гектар)
көп жылдық екпелер (гектар)
шабындық (гектар)
жайылым (гектар)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Байзақ ауданы
286,7439
275,877
229,4023
159,4875
-
4,8332
41,6415
10,8669
2
Жамбыл ауданы
264,0275
256,7573
111,2766
84,3873
-
42,428
103,0527
7,2702
3
Жуалы ауданы
262,6628
258,9628
182,3471
32,9229
-
-
76,6157
3,7
4
Қордай ауданы
410,4757
408,402
106,0968
-
-
-
302,3052
2,0737
5
Меркі ауданы
186,6342
184,1483
77,5909
28,7774
-
-
106,5574
2,4859
6
Т.Рысқұлов ауданы
641,1421
622,2219
459,0291
11,8319
-
-
163,1928
18,9202
7
Шу ауданы
675,2179
663,9531
245,977
94,6083
-
6,9425
411,0336
11,2648
 
Барлығы
2726,9041
2670,3224
1411,7198
412,0153
-
54,2037
1204,3989
56,5817

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады