Егіндібұлақ ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылындағы Ахметов және Айтбаев көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қарашада № 4457 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімінің 25.12.2018 № 4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Егіндібұлақ ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылындағы Ахметов және Айтбаев көшелері аумағында ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Р. Инербаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Т.Ж. Көпжасаров

      2017 жыл 24 қараша.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады